САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

 

2024 жылғы 8 қаңтарда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына арналған «XXI ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында сараптамалық талқылау өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы болды.

Құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы Әлмұханов сөйледі. Сондай-ақ Мемлекет тарихы институтының директоры PhD Нұрбек Серікұлы Пұсырманов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Бауыржанұлы Тоқтаров баяндама жасады.

Дөңгелек үстел аясында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар (Шейбандар, Шайбақтар) Әулеті (Ібір-сібір, Дешті-қыпшақ, Мәуереннахр аймақтарында)» халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан) салтанатты тұсаукесері өтті. Монографияда жоба аясында зерттеу тақырыбына қатысты анықталған және тарих ғылымында бұрын қолданылмаған жаңа еңбектер, мұрағаттық құжаттар, карталар мен иллюстрациялар қамтылған.

Іс-шараға ҚР Парламентінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми-сарапшылық ұйым қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері, Астана қаласындағы ЖОО ғалымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

08.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9424
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643