САРЫАҒАШТА «АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

САРЫАҒАШТА «АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында халыққа сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша облыста 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған.
Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт. Сол сияқты «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында да медициналық нысандар салынуда. Осы ретте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Жылға елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның және Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен аудан басшысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастау алған Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарын саралау барысында мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда, ғимараттың қабырғасы қаланып, ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында жалпы 8 жұмысшы жұмыс атқаруда. Келесі кезекте аудан әкімі Жылға елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, мердігер мекеме өкілімен кездесті.
Бүгінде мердігер мекеме тарапынан ғимараттың қабырғасын қалау, сонымен қатар арнайы плита жабындысы жабылуда. Жалпы 11 жұмысшы құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған.
Құрылыс алаңында болған аудан әкімі медициналық нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтып өтті. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
17.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 128
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 56
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 41
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 461
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 429
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 453
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 444
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 443
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 460
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 449
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278