Сарысу ауданында газдандыру, тұрғын үй беру, жарықтандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп жатыр

Сарысу ауданында газдандыру, тұрғын үй беру, жарықтандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп жатыр
  • Сарысу ауданында газдандыру, тұрғын үй беру, жарықтандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп жатыр
Өндірісі өркендеп, өрісі малға толып келе жатқан Жамбыл облысындағы Сарысу ауданы дамудың даңғыл жолына түскен. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан осынау өңірдің халқы аудан дамуы жолында аянбай тер төгіп келеді.Сарысу ауданының экономикасы негізінен өнеркәсіп саласына бағытталған. Аудан өнеркәсібінің негізін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» компаниясы құрайды. Бұл тау-кен өңдеуші кәсіпорындар фосфор шикізатын өндірумен және оны ұсақтаумен айналысып, ауданда ғана емес, облысты тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

 

2022 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша ауданда өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі 62 млрд. 771,9 млн. теңгеге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайызға артқан.

Сарысу ауданы өндіріспен қатар, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Еліміздің қарыштап дамуы, ауылдардың дамуымен тікелей байланысты.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша да көңілге қонымды көрсеткіш баршылық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 27 млрд. 169,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайызды құрады. Ауданда 3,136 млн. гектар жер бар, оның 600 мың гектарға жуығы ауыл шаруашылық алқабы. Ауданда 1023 шаруа қожалық тіркелген. Өңірдегі шаруалар да өз ісін ілгерілетіп, егін егіп, мал өсіруге баса ден қойған.

Мемлекеттік қолдау жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың нәтижесінде төрт түлік малда өсім бар. Мүйізді ірі қара — 23 929 басқа, қой-ешкі – 213 591 басқа, жылқы – 8 372 басқа, түйе – 3120 басқа, құс – 25 337 басқа жеткізіліп, өндірілген ет пен сүт көлемі де артты.

«Қамданған қапы қалмайды» деген, биылғы мал қыстату кезеңіне қажетті мал азығы жоспарға сай орындалды.
Ауылшаруашылығы жерлерінің ішіндегі егістік алқабының көлемі — 24 473 гектар. Егістік жердің 99 пайызы (24 228,2 га) игерілді.

Ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз етуге баса мән беріліп келеді. Жыл басынан бері жалпы соммасы 364,0 млн. тенгеге 6 трактор, 57 қосалқы техника, барлығы 63 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Лизингке 98,5 млн. тенге болатын 6 трактор рәсімделді.

Кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күші десек, аудан кәсіпкерлігін дамыту бағытында да біраз жұмыстар атқарылды. Сарысу ауданында 4255 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Биылғы жылы кәсіпкерлік субъектілер 756 бірлікке артқан.

«Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы шеңберінде бүгінгі таңда жеңілдетілген 6 пайыздық несиенің кепілдік беру тетігі арқылы 97 жоба 729,2 млн. теңгеге іске асырылды.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерліктің әр түрлі саласын дамыту мақсатында жеңілдетілген 6 пайыздық несие бойынша 22 жоба мақұлданып, аудан азаматтары 133 млн. тенге қаражатқа қол жеткізді.
Сонымен қатар, «Бизнес бағдарламасы» бойынша микроқаржы ұйымдары арқылы аудан азаматтары 775,2 млн теңге болатын 757 жоба несиеге қол жеткізді.

Бөлшек сауда айналымы 1868,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға артты.
Жалпы ауданның инвестициялық потенциалы өте жоғары, Ауданға тартылатын инвестиция көлемі ұзақ мерзімді ауқымды жобалар арқылы өсетін болады. Алдағы бес жылда инвестиция көлемі 1 триллион тенгені құрайтын маңызды 15 жоба іске асырылғалы отыр.

Мемлекеттік бюджетке 6366,3 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 106,4 пайызға орындалды.

Ауданда құрылыс, тұрғын үй салу жұмыстары да қарқын алуда. Бүгінгі таңда Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1640 адам үй кезегінде тұр. Жыл басынан бері ауданда жалпы алаңы 16800 шаршы метр үй пайдалануға берілді. Жалпы ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 млрд. 801,7 млн. теңгені құрады.

Елді мекендерді газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй беру, жарықтандыру мәселелері де кезең — кезеңімен шешіліп келеді.

Аудандағы 25 елді мекеннің 4-еуі газдандырылған. Қазіргі таңда 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы» және аудандағы 14 елді мекенге жеткізуші және ауылішілік газ құбырларын салу құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда 8 елді мекенде газ тарту жұмыстары толығымен аяқталды.

Ауданда 25 елді мекеннің 18-і, яғни ауданның 75 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Үшбас және Шағалалы ауылдарын сумен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, халық саны 200 адамға дейінгі қалған 4 ауылға кешенді блок модульды қондырғы орнату көзделіп, жұмыстар атқарылуда.

«Жол тіршіліктің күре тамыры» десек, бұл бағыттағы жұмыстар ел тынысын кеңейтіп, қуанышын еселей түсуде.
Жаңатас-Түркістан және Жайылма ауылдарына кіре беріс жолдар 287,7 млн. теңгеге орта жөндеуден өткізілсе, аудандық бюджеттен бөлінген 54,0 млн. теңгеге 4 елді мекеннің 4 көшесіне және «Ауыл Ел — бесігі» жобасы аясында 4 елді мекеннің 15 көшесіне 218,3 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала, оның ішінде білім, мәдениет, денсаулық, спорт салалары назардан тыс қалған емес. Бұл салаларда да атқарылған ауқымды жұмыстар баршылық.

Білім бөліміне қарасты 27 мектеп бар. Биылғы оқу жылы 565 сыныпта 9145 оқушы білім алуда. Ұлттық Бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ауданда жалпы орташа балл – 74,1 пайызды құрады.
9 қосымша білім беру мекемесінде 3829 оқушы қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбие беретін 24 мекемеде 2120 бала тәрбиеленуде.

Сондай-ақ, ауданда 212 спорт нысаны бар. Аудан тұрғындарының 38,1 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданып келеді. Бұл көрсеткішті жыл соңына 45 пайызға жеткізу жоспарланған. Аудандағы 5 спорт мектебінде спорттың 20 түрінен 3 мыңға тарта спортшы спорт түрлерімен тұрақты айналысады, олармен 83 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Жыл басынан аудан спортшылары республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда, 93 алтын, 55 күміс, 91 қола, барлығы 239 медальға ие болды. Жаңатас қаласы мен ауылдық елді мекендерде жоспарланған 136,2 млн. теңгеге спорттық алаңшалар мен спорттық тренажерлік құрылғылар орнатылды.

Ауданда барлығы 26 медициналық ұйым бар. Ғимараттарының жағдайы жақсы. Биыл аудан көлемінде 355,6 млн. теңгеге 3 нысанның құрылысы жүргізіліп, Жаңатас қаласы және Тоғызкент ауылына дәрігерлік амбулатория, Әбілда ауылына медициналық пункт салынды.

Ауданда 19 мәдениет және клуб үйлері мен 26 кітапхана жұмыс істейді. Барлық ұлттық және мемлекеттік, сонымен қатар кәсіби мерекелер аудандық мәдениет үйінің ат салысуымен өткізіліп келеді.

Мәдениет саласында барлығы 84,3 мың адам қатысқан 2104 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, жерлесіміз Асанәлі Әшімовұлының 85 жас мерейтойы, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтің 110 жылдығы, Қазақстанның Еңбек Ері, сазгер, өнер зерттеушісі, жерлесіміз Илья Жақановтың Сарысу ауданына келуі жоғарғы деңгейде аталып өтті.
Биыл атаулы әлеуметтік көмек (АСП) 492 отбасына тағайындалды. Тиісті уәкілетті органда 1142 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны кеміген. Ағымдағы жылы 3735 азамат белсенді шаралармен қамтылды. 1320 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 81 адам жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 228 жас маман мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа жіберілсе, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бойынша 995 адам жұмысқа тартылды. 850 азамат «Бастау бизнес» оқу курсына жолдама алды.

Осылайша, қазыналы Қаратаудың қойнауындағы өңір халқының еңбек пен шаттыққа толы тірлігі оң нәтижесін беруде. Ынтымақ пен бірлікті ту етіп, еселі еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан Сарысу жұртшылығы ауданның абыройын ақсақтату жолында табыстың тайқазанын қайната бермек.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған kaz.tengrinews.kz
01.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 260
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 394
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 390
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 620
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 563

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8661
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11888
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9661
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10870