САРЫСУДА ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

САРЫСУДА ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Біздің ауданының халқы өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауданда отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуы жолында аянбай еңбек етуде. Сарысуда өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін жаңғырту мен сақтауда бірқатар шаралар атқаруда. Бұл бағытта ауданда қазақ, славян, неміс, күрді, қырғыз, өзбек және кәріс этно – мәдени орталықтары жұмыс істейді. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” – деген дана халқымыз. Аудандағы этно – мәдени орталықтардың өкілдері аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатыр. Бүгін аудандағы этно – мәдени орталық жетекшілері бас қосып, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды зерделеді. 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай, іс –шаралар жоспарын бірлесе әзірлеп, дайындық жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, медиа-жоспар бойынша атқаратын жұмыстарды талқылады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 544
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 545
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 575

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13632
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13603
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28720
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27390
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30903