Сарысулықтар Асу Алмабаевқа тұлпар мен түйе мінгізді

Сарысулықтар Асу Алмабаевқа тұлпар мен түйе мінгізді
Бүгін жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер, ауданымыздың тумасы, UFC-дегі жекпе-жегінде жеңіске жетіп, елге оралған Асу Абайұлы Алмабаевты сарысулықтар үлкен қошеметпен қарсы алды.
Аудан жұртшылығы Асуды Жаңатас қаласының кіре берісінен бастап қарсы алып, құрмет көрсетті.
Орталық алаңда өткен шарада айтыскер ақын Талғат Құсайынов жеңімпаз жерлесімізге арнау арнады.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Асу Алмабаевты жеңісімен барша аудан тұрғындары атынан құттықтады.
– Сізді Америка Құрама штатында өткен жекпе-жекте еліміздің мерейін асырған жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл күллі еліміздің және ауданымыздың мәртебесін асырған айтулы оқиға болды. Жеңісті күндеріңіз көп болсын. Біз Сізді әлі алай биіктерді бағындырды деп сенеміз, – деген аудан басшысы жеңімпаз ұлдың иығына шапан жауып, жерлестерінің атынан түйе мінгізді. «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Бұдан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, «Сарысу ауданының Құрмет грамотасын» табыс етті.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев, аудандық мәслихаттың депутаты Бауыржан Балғабай жылы лебіздерін білдірсе, аудан қариялары Қоңырбеков Ордабек және Қалжанов Шәріпбек қариялар ақ баталарын берді.
Өз кезегінде Асу Абайұлы және әкесі Абай Алмабаев ыстық ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсетіп жатқан аудан басшыларына, сарысулық ағайынға алғыстарын айтты.
Аталған шара Жаңатас-Саудакент тас жолының бойында орналасқан «Ысты Тілік баба» мемориалды кешенінде және туып-өскен ауылы Жаңаталапта жалғасты. Баба рухына құран бағыштап, тағзым жасаған жерлесімізге ауылдастары батасын беріп, ат мінгізді.
Айта кету керек, жерлесіміз, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылының тумасы Асу Алмабаев Америка құрама штатында Нэшвиллде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты.
Асу жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион.
Сондай-ақ, ол Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global жауынгерлік ұйымдарының турнирлеріне қатысумен танымал.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
14.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 18
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 17
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 20
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1176
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7222
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11088
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7287
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7432