Саттар Жансерік: Техникалық және кәсіптік оқытуды өндіріске жақындату керек

Саттар Жансерік:  Техникалық және кәсіптік оқытуды  өндіріске жақындату керек

«Мұғалім мәртебесі» туралы Заң қабылданып, мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайы жасалғалы бері колледждерде сабақ беретін ұстаздардың мектептерге ауысу үрдісінің артқаны байқалады. Яғни ұстаздар үшін бұрын колледжде сабақ беру ыңғайлы болса, қазір жалақы жағдайында мектепте жұмыс істеу тиімді болып отыр. Сондықтан «Балапанды күзде санайды» демекші, қазіргі уақытта колледждерде кадр тапшылығы мен игерілмеген грант мәселесі нақты қалай реттеліп жатқанын білу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше колледждің есігін қаққан едік. Кейбір колледж басшылығы сұрағымызға жауап беруге әлі дайын емес екендерін айтса, кейбір колледждің қабылдау бөлімінің қызметкерлері телефон тұтқасын көтермеді. 

Бізді жылышырай қарсы алып, сұрағымызға ақтарыла жауап берген ғасырға жуық тарихы бар Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледж директоры Саттар Жансерік Сейітбекұлымен сұхбаттасып қайтқан едік.

– Бұрынғы гуманитарлық колледж қазір Астана халықаралық университеті Пегдагогикалық колледж қайта жасақталған екен. Бүгінгі бағыт-бағдарларыңыз қандай?

– Біз қазақ тілі, ағылшын тілі, имформатика мұғалімі, музыка, дене шынықтыру, мектепке дейінгі мұғалім және бастауыш сыныптарның мұғалімі, осы 7 мамандық бойынша оқытамыз. Бұрын студенттеріміз 3 жыл 10 айда диплом алып шығатын болса, қазір кредиттіктехнология негізінде сабақтар 1 жылға қысқарды. Қазір cтуденттеріміз 2 жыл 10 айда  колледжді аяқтап шығады. Бұл жастар үшін өте тиімді. Қысқа мерзімде диплом алып, мектептерге барып, жұмысқа кіріседі. Кәмілет жасқа толғаннан алғашқы айлығын алып, ата-анасына қамқор, көмекші болып, еліміздің экономикасына да өз үлестерін қосып жатыр. Соңғы жылдары енгізіліп жатқан дуалды оқыту бағдарламасына сәйкес студенттеріміз соңғы 10 айды балабақша және мектептерде практикалық тәжірибе  түрінде өтеді. Мысалы биыл 1568 оқушымыздың 821-і 2022 оқу жылының соңында диплом алады. Биыл біздің колледждегі бір жаңалық ІІІ және ІV курс студенттері бірге бітіріп жатыр. Бұл біз үшін жауапкершілік, абыроймен атқарып шығамыз деп отырмыз. 

Қазір өзіміздің түлектеріміз Астана халықаралық университетінің грантына түсіп, ІІ курсынан бастап кетеді. Сонымен қатар түлектеріміз мектептерде 10 сыныптарға дейін сабақ беріп, түстен кейін сабаққа қатысып, жоғары оқу орнын тәмамдады деген дипломын алып шығады. Түлектеріміз оқи жүріп, жұмыс істеп, ел экономикасына ерте  бастан үлес қоса бастайды. Сондай-ақ екі дипломы бар, білікті маман болып шығады. Педагогика мамандығын оқып жатқан студенттерге қосымша төленіп жатқан степендияның да көлемі артты.

– Колледждердің негізгі оқыту бағдарламасы мектеп бағдарламасына ұқсас болғандықтан, колледж мұғалімдері мектептерге кетіп жатыр. Себебі мектеп мұғалімдерінің жалақысы өсіп, әлеуметтік жағдай жасалды. Өзіңіз басқарып отырған білім ордасында кадр және еңбекақы мәселесін шешудің қандай тетіктері қарастырылған?

– Осыған дейін колледждерден мұғалімдердің мектепке ауысуы болды. Өйткені оның ең бірінші себебі – білесіздер айлық мәселесі. Басқасын айтпағанда, бір ғана қарапайым мысал, мектеп мұғалімдеріне магистратура бітіргені үшін айлығына белгілі деңгейде үстеме пайыз қосылады да колледж мұғалімдеріне ондай мәртебе берілмеген. Бұл былай қарасаң, әділетсіздік. Басқа колледждерде қалай екенін білмеймін. Біздің колледж Астана халықаралық университетіне қарасты болғаннан кейін ректорымыз Серік Ирсалиев 34 магистрімізге үстеме қосты. Ақылдаса келе, мұғалімдеріміздің жалақысын көтердік. Қазір кадрларымыз түгел. Тек ағылшын тілі мен орыс тілі мұғаліміне қатысты мәселе бар. Кадр бүкіл мәселені шешетіні рас. 

Көптеген жылдардан бері дипломы сандықта қалып, өзі басқа салада жұмыс істеп жүрген педагог мамандар арасында Заң арқылы статусы көтерілгеннен кейін жасы ұлғайса да мұғалім болып жұмыс істегісі келетіндер қатары көбейді. Бірақ біз сапасына қараймыз, өйткені жаңартылған білім мәселесі өте маңызды. Қазір кадрларымызға максималды түрде жағдай жасалған. Аттестациядан өту, білімдерін жетілдіру бойынша курстарға қатысып, жаңартылған білім жүйесіне бейімделіп жатыр.

– Ресми ақпаратқа сәйкес қазір елімізде 795 колледж жұмыс істейтін болса, оның 454-і мемлекеттік оқу орындары. Министрлік 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 10 бағыт және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар негізінде 97 мың грант бөлген. Гранттарды 435 мемлекеттік және 170 жекеменшік колледж үлестіріп алуы керек еді... Сіздің колледжде грантқа қатысты мәселе болды ма?

– Маман дайындау мәселесінде мемлекет тарапынан грант жақсы бөлініп келеді. Қаламыздағы 34 колледждің 9-ы ғана мемлекеттік екен. Биыл бізге 385 грант бөлінді. Колледжімізге 700-ге жуық талапкер құжат тапсырды. 381 талапкер грантқа, 52 оқушы ақылы бөлімге қабылданды. Дене шынықтыру, ағылшын тілі, бастауыш мектеп мұғалімдері мамандығына жақсы оқитындар тапсырады. Ал қиындық тудырып отырған бір мәселе – мектепке дейінгі мұғалім даярлау бөліміне талапкер аз. Орыс тобына өте аз келеді. Игерілмей қалған 4 грант бар. Оның өзі орыс тобы мектепке дейінгі тәрбиелеу бойынша сұраныс болмады. Келесі жылы олқылықтың орнын толтыру үшін осы бөлім бойынша арнайы жұмыс атқарып жатырмыз. ІІІ тоқсаннан бастап, мектептердің рұқсатын алып, оқушылармен кездесіп, өзіміздің колледж туралы мағлұматтар береміз.     

Қаламызда 400-ге жуық мемлекеттік және жекеменшік балабақша жұмыс істейді екен. Солар бізге хабарласып, біздің студенттеріміздің өздерінде практикадан өтуін сұрап отыр. Біз балабақша басшылығымен кездесіп, әлі диплом алмаған, тәжірибесіз жастарымызға бірден жауапкершілік жүгін арта салмай ақылмен үйретулері керектігі жөнінде ақылдасып жатырмыз. 

– Саттар Сейітбекұлы, сөз арасында мектепке дейінгі орыс тобына сұраныс аз, санын арттыру мақсатында жұмыс істейміз деп қалдыңыз. Қазір қоғамда аралас мектептер жабылу керек, орыс балабақшалары болмауы керек деген көзқарас бар. Шынымен егер орыс тобына сұраныс болмаса, оны қолдан  жасаудың қажеті бар ма?

– Бұл сұрақтың қоғамда өз салмағы бар шығар. Бірақ мына тілде болу керек, мына тілде болмау керек дегенге қазір ештеңе айта алмаймын. Солтүстік өңір болған соң ба? Алайда Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Солтүстік демей, сұраныс болған жерде мұғалімдер соған қарап дайындалу керек. Алдағы 5-10 жылда қалай болатынын зерделейтін ұйымдар бар шығар. Қазір балабақша, бастауыш мектептерден бізге осындай мөлшерде оқытушы керек деп тапсырыс берушілер бар. Талапкерлер тарапынан мамандыққа сұраныс болмағанымен, балабақша, бастауыш мектептер тарапынан сапалы маманға сұраныс бар. Біз орысша, қазақша, тіпті ағылшынша сабақ бере алатын ұстаздарға сұраныс бар кезде, сауатты маман дайындауға тиістіміз. Ал мектепке дейінгі тәрбиеші мамандығына талапкерлердің санының аз болуы – 9 сыныпты енді ғана бітірген оқушылардың кішкентай баламен жұмыс істеуді қиынсынатындығынан да болуы мүмкін. 

– Рахмет!

 

Сұхбаттасқан – Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 828
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6902
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10738
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6971
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7111