Күні кеше сән-салтанатпен сауапты сапарға аттанған шулықтар бүгін Ташкентке табан тіреді.
Олар Төле би бабамыздың зиратына зиярат жасап, касиетті Құран аяттарын оқып, дұға бағыштады.
Одан бөлек кесененің тарихымен танысып, мол мағлұматқа қанық болды.
Аталған сапар әзиз түлғаның 360 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Өзбекстан астанасын көзбен көрген жерлестеріміз сапардан керемет әсер алғандарын айтуда.