Қауіптің алдын алу мақсатында білім саласында да «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығулар мен білім ошақтарында аринайы сабақтар, кездесулер өткізіліп, түсіндірме қағаздары таратылды.
Сейсма жаттығудың мақсаты осындай төтенше жағдай кезінде, яғни,жерсілкінгенде қосымша төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін.
Бұндай жағдайда мектеп қызметкерлері де, оқушылар да тосын жайт орын алғанда мейлінше дайын болғаны абзал.
Ал, осындай оқу-жаттығулар оқушылар мен ұстаздар қауымына төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керектігін үйретеді.
Осындай мақсатта бүгін "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығын орындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атап айтар болсақ: Алматы қаласындағы жер сілкінісінің орын алуына байланысты Талас ауданының білім бөліміне қарасты 35 мектеп пен 19 балабақшаның педагогтары, қызметкерлері, оқушылары, тәрбиеленуші балалары, қызмет көрсетуші персоналмен бүгін сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Басты мақсат: үлкен қауіптің алдын алу үшін төтенше жағдай кезінде жасалатын шұғыл әрекеттерді кез-келген жан білуі керек.
Мұндай оқу жаттығу шараларының берері мол дейді төтеншеліктер.
«Сақтықта қорлық жоқ» дейтін тамаша сөз бар. Сол себепті де кез келген төтенше жағдайға дайын болып жүргеннің артықтығы жоқ екені мәлім.
Жер сілкінген жағдайда орындалу тиіс қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары туралы нұсқаулықтармен таныстырыу жұмыстарын жалғастыруды жөн көрдік.