СЕКСЕН ЖАСТАҒЫ ТРАКТОРШЫ АПА МАРАПАТТАЛДЫ

СЕКСЕН ЖАСТАҒЫ ТРАКТОРШЫ АПА МАРАПАТТАЛДЫ

 вТайынша ауданының 80 жастағы тұрғыны таяуда зор құрметке бөленді. Оның өзіндік себебі де бар. Осы ауданның Теңдік ауылында түтін түтетіп жатқан  Ғазиза Кеңесбаева бар саналы ғұмырының 26 жылын темір тұлпар тізгіндеуге арнаған өңірдің ақжаулықтылары ішінен шыққан бірден-бір зейнеткері.  

Ауданда ол нағыз аңыз адам болып саналады. Оған ерлермен қатар тракторшы мамандығын игергені, дала жұмыстарында алдыңғы қатарда жүргені себеп болған сияқты.

«Мен еңбек ете жүріп, екі қыз тәрбиеледім. Бес жиен мен алты жиеншарым бар. Ер адамдардың арасында олармен бірдей еңбек ету оңай болған жоқ. Менде тіпті тракторшылықтан басқа білім де жоқ. Мен бүгін «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» деген атаққа ие болғаныма қуаныштымын. Бұл қарапайым еңбек адамына көрсетілген ерекше құрмет. Мен қызықты да мазмұнды өмір сүрдім, көптеген көрнекті адамдарды көрдім, олармен жұмыс істедім, Конгрестерге бардым. Немерелерім мені мақтан тұтады. Бұл мен үшін  ең бастысы, ерлер жұмысында бекер жұмыс істемегендігімнің жемісі», – дейді  Ғазиза Кеңесбаева.

Әр жылдары Ғазиза Кеңесбаева Теңдік ауылдық кеңесінің депутаты болды. 1989 жылы 21 наурызда кеңейтілген пленумда 80 кандидаттың ішінен 75 халық депутаты жасырын дауыс беру арқылы сайланды, оның ішінде Ғазиза апай  да болды.

Сексеннің белесіне шыққан мерейтой иесі өңірдің құрметті азаматы атанған  күні  облыс  және  Тайынша ауданы әкімдерінің орынбасарларынан, аудандық мәслихат Төрағасынан және облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдерінен құттықтаулар қабылдады. Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжановтың атынан Ғазиза Кеңесбаеваға  жүз мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

25.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1103
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7150
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11001
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7213
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7358