СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА – 32 ЖЫЛ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА – 32 ЖЫЛ
1991 жылы Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылды.
Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 32 жыл толды.
Бүгін Жаңатас қаласындағы «Данқ» монументінің алдында митинг ұйымдастырылып, гүл шоғын қою рәсімі өтті.
Митингке аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып сөз сөйледі.
- Бүгінгі Қазақстан-ядролық қаруға қарсы күрестің әлем мойындаған көшбасшысы. Еліміз 2009 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясына 29 тамызды «Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні» деп жариялауды ұсынды. Ұсыныс Ұйым тарапынан қолдау тауып, жыл сайын бұл күн кең көлемде аталып өтіліп келеді. Семей полигонындағы сынақ зардаптарын жоюға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен азаматтар әскери борышын өтеуге жіберілді. Біздің ауданнан да Семей полигонында әскери борышын өтеуге азаматтар қатысты. Бұл ардагер ағаларымыздың ядролық зардаптарды жоюдағы ерліктерін терең түсіне отырып, құрметтеу және бағалау біздің парызымыз,-деген аудан басшысы митингке жиналғандарды және Семей полигонының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерді осынау айтулы күнмен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.
Бұдан кейін, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, «Таң нұр Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізтай Орынтай құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Митингіге жиналғандар Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қатысып, зардап шегіп, мезгілсіз қайтыс болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішке гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.
Сарысу ауданы әкімдігі
29.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762