Қатты соққан жел қаладағы Автогужевой көпіріндегі жақтауды құлатқан. Салдарынан «Қазақтелеком» АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымданып, қаланың сол жағалауында интернет өшіп қалды.
«Көпірдің құлаған жақтауына лентамен белгі қойылды. Сол жағалаудан оң жағалауға қарай жаяу жүргіншілер жолы жабылған. Ал көлік жүретін төрт жолақ түгелдей ашық тұр», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ә.Увасилов.