ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, жоғары палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Бекболат Орынбеков, Серік Шайдаров, Бауыржан Қаниев, Сағындық Лұқпанов, Ләззат Рысбекова, Әлібек Наутиев және Шәкәрім Бұқтығұтов Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, Тараздағы бірқатар өндіріс орнын аралады.
Әуелі сенаторлар “Қазфосфат” ЖШС “Минералды тыңайтқыштар” зауытына барды.
Зауыттың тыныс-тіршілігіне қаныққан халық қалаулылары кәсіпорын басшыларымен бірге арнайы жиын өткізіп, ұсыныс-тілектерге құлақ түрді.
Басқосу барысында фосфор қалдықтарын қайта өңдеу, жұмысшылардың еңбекақыларын арттыру сынды маңызды мәселелер көтерілді.
Бұдан кейін депутаттар “Тараз тері аяқ киімдері” ЖШС-іне ат басын бұрды.
Жылына 500 мың жұп аяқ киім тігуге қауқарлы аталған өндіріс орны бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Мұнда да халық қалаулылары көтерілген мәселелерге құлақ түріп, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді