Қара нардай өрге тартып ел жүгін,
Қарайламай алды-артына келді мың!
Көрді жұрты - түпсіз ойдың кеңдігін,
Сезді жұрты- қайсар жанның өрлігін!
«Тілім» деді, тілімдеді жүрегін,
«Елім» деді, еңіреді білемін!
Жалғандықтың тұріп тастап түнегін,
Қаламменен айтты талап-тілегін!
Дар алдында тұрған жандай қасқиып,
Ар алдында адал болды басты иіп!
Торуылдап жүрсе дағы қас-күйік,
Жел жағына замананың тосты иық!
Шенділерге жақпаса да, жақты елге,
Талай мәрте көтерілді Бақ-белге!
Тауқыметін, қуанышын, мұң-шерін,
Өмір дейтін жазып келед дәптерге!
75 жас, аз ба, көп пе, сарала,
Тоғышар мен мәңгүртің жүр арада.
Күрес жолын таңдады ма, бағала,
Сәуле апайдай қайраттансын, бар АНА!
Жетпіс бестің көтерілген шыңына,
Сәуле апайға қарайды жұрт қызыға.
Көп шәкірттің арқау болған жырына..
Келер ұрпақ жетсе деймін құнына!
Сәуле апайдың тірлігіне нәр берген,
Немере мен шөбере жүр әрленген...
Ұлттық намыс-бесігінде тербелген,
Сәуле апайға әке рухы дем берген...
Мәуелі бақ берді бүгін жемісін,
Созған жан ең талайларға қол ұшын...
Мұның бәрі апай сенің жеңісің!
Сол жеңіспен кеңейсе екен өрісің!
Ұмытпайды еңбегіңді ел іші,
Даңғыл болсын ұрпағыңның өрісі!!!
Тоқсан деген Кенен ата -өресі,
Жүзге жетсең - Жамбыл ата қонысы!
Шенділерге жақпаса да, жақты елге,
Талай мәрте көтерілді Бақ-белге!
Тауқыметін, қуанышын, мұң-шерін,
Өмір дейтін жазып келед дәптерге!