Шетелдік инвестиция тартудан Қазақстан ТМД-да көш басында

Шетелдік инвестиция тартудан Қазақстан ТМД-да көш басында

Депутаттық сауалға берген жауабында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин: «Елбасы Н.Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың және өңірдегі инвестициялар ағыны бойынша көшбасшылықты сақтаудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Стратегия аясында 5 негізгі нысаналы көрсеткіш және оларға қол жеткізуге арналған 70 шара айқындалды, олардың 50-і орындалды, 20-сы ұзақ мерзімді және олар 2022 жылға қарай орындалады. Қазіргі уақытта стратегияда көрсетілген 5 көрсеткіштің төртеуі 2016 жылдың деңгейіне жетті: 1) экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі (2018 ж. – 141,9 %, 2019 ж. – 145 %, 2020 ж. – 156,4%); 2) экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі (2018 ж. – 132,1 %, 2019 ж. – 158,5 %, 2020 ж. – 138%); 3) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны (ТШИ) (2018 ж. – 113,6 %, 2019 ж. – 113,9%); 4) жалпы тікелей шетелдік инвестиция көлемінің ЖІӨ-ге арақатынасы (2018 ж. – 17,7 %, 2019 ж. - 17,7%). Пандемиядан туындаған әлемдік дағдарыс нәтижесінде тікелей шетелдік инвестиция ағынының әлем бойынша орта есеппен 35 пайызға ($500 млрд) төмендеуі орын алды. Әсіресе, дағдарыс өтпелі экономикасы бар елдерге жағымсыз әсер етті, яғни 58 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, Қазақстанда жалпы тікелей шетелдік инвестициялар 30 пайызға кеміді. Бұл ретте UNCTAD-тың әлемдік инвестициялар туралы есебіне (2021 жылғы шілде) сәйкес, Қазақстан Орталық Азияның локомотиві – ТМД елдері мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында таза тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ағынының, сондай-ақ өтпелі экономикалардың өсуі бойынша көшбасшы болып отыр»,– деп жазды.

                                

Ермек Сахариев
11.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1012
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7060
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10908
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7129
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7272