Шетелдік ЖОО-ның өкілдігі ашылды

Шетелдік ЖОО-ның өкілдігі ашылды

Мемлекет басшысы елімізде, соның ішінде батыс өңірлерде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде тапсырма бергені белгілі. Осы ретте батысқазақстандық университет алғашқы қадамын жасап, ресейлік ЖОО-ның өкілдігін ашуға мұрындық болды.

Атап айтсақ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды. 

Айтулы іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Уфа университетінің ректоры Олег Баулин мен проректоры Наиль Чанышев, Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов және серіктес компаниялардың басшылары қатысты.

Бұл өкілдік «Үйден – шетелдік білім» қағидасын жүзеге асыру мақсатында ашылған болатын. 

Салтанатты рәсімде батысқазақстандық әріптестеріне Башқұртстан елінің сәлемін бейнеэкран арқылы жолдаған Башқұртстан басшысының әкімшілік жетекшісі Максим Забелин, Ғылым, білім және мәдениет бойынша федерация кеңесі комитетінің төрайымы Лилия Гумерова, Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Ильдар Мавлетбердин қос университеттің арасындағы әріптестік байланыстың кеңеюімен құттықтады. Сонымен қатар Уфа университетінің ректоры О.Баулин екі елдің арасындағы ынтымақтастықты бекітуге қосқан үлесі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлына Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хабировтың «Алғыс хатын» табыстады. 

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Асылханұлы өзінің құттықтау сөзінде батысқазақстандық университетте шетелдік ЖОО-ның өкілдігінің ашылуы – Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде берген тапсырмасын орындауға жасалған алғашқы қадам екенін атап өтті. 

– Бұл екі білім ордасының ғана емес, бауырлас елдердің ғылым, жоғары білім саласындағы әріптестігінің нығайғанын көрсетеді, – деді вице-министр.

Бір жыл бұрын Башқұртстан елінде болып, бірнеше бағыттар бойынша ортақ келісімге келгендерін айтқан облыс басшысы Ғ.Есқалиев: 

– Жоғары білім беру саласында бір жыл ішінде осындай нәтижеге қол жеткізіп отырғанымыз қуантады. Шетелдік білімді «үйде» отырып алу – өте тиімді шешім. Соның ішінде мұнай-газ секторы – маңызды сала. Бұл бастама кейіннен құзырлы министрліктің қолдауымен филиал ашуға ұласып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді. Бұдан әрі Жәңгір хан университеті мен Уфа университетінің ректорлары өкілдіктің ашылуы жөніндегі келісімге қол қойды.

Қонақтар «Ғылым – аймақтың экономикасы үшін» атты ғалымдардың өндіріске енгізуге дайын ғылыми жұмыстарының көрмесімен және Erasmus+ жобасы бойынша «Қазақстандағы индустриалды автоматика және робототехника бойынша қосарлы білім беру (DIARKAZ)» жобасы аясында ашылған робототехника зертханасының жұмысымен танысты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 27
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 36

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1008
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7056
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10902
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7125
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7267