Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 42 азамат жауапқа тартылды

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 42 азамат жауапқа тартылды

Биыл 2830 шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ тұлғалар және тұруға ықтиярхаты бойынша 178 адам уақытша тіркелген. Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 302 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев мәлімдеді.

– Еліміздің аумағынан 72 шетел азаматы шығарылды. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардан заң бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 213 азаматы жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін және мемлекетіміздің заңнамасын бұза отырып еңбек иммигранттарын тартқаны үшін 42 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 қылмыстық іс қозғалды. Облыста 5893 шетел азаматы тұрақты тұрады, оның 5457-сі ТМД азаматы болса, 17-сі алыс шетел азаматы, сондай-ақ 7 азаматтығы жоқ тұлға бар. Сонымен қатар, 141 шетел азаматы тұруға қатысты ықтиярхатпен, 1 кісі азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігімен ресімделген. Сондай-ақ, 338 азаматтықтан айыру дерегі ресімделді, – деді Арман Асылханұлы.

Жыл басынан бері облыс тұрғындарына 9657 паспорт және 23591 жеке куәлік берілген. 4295 азаматтың жоғалған құжаттары қайта қалпына келтірілді. Анықтама деректерін өзгерту себебі бойынша 528 азамат ресімделген, оның ішінде 501 азамат тегін өзгертсе, 13 азамат ұлтын, 14 азамат туған күні мен жылын ауыстырған.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА, Жамбыл облысы. aqjolgazet.kz
11.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9188
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8586
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11814
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9583
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10797