Nurkz: «Шекара қызметінде дәстүрлер көп. Солардың ең бастысы – сағат 20.00-ден басталатын «шекаралық тәулік» – жауынгерлік есеп. Сондықтан мереке қарсаңы 24 қазанда сағат 20:00-ден бастап шекарашылар алғаш болып шетелдік қонақтарды құттықтай бастайды. Бұл дәстүр биыл да жалғасты. Осылайша, Алматы мен Астана қалаларындағы халықаралық әуежайларда шекарашылар келіп жатқан жолаушыларға танымал брендке айналған қазақстандық шоколадты мерекелік қорапшада ұсынды. Қорапшада құттықтау сөздермен қатар ұлттық мереке туралы мәлімет берілген және шекарадан өту сұрақтары бойынша кеңес алу үшін байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілген. Қонақтар шекара бақылауының қызметіне тиісті бағасын берді. Сонымен қатар өткізу пункттерінде жолаушылар үшін бақылаушылардың жұмысын бағалауға арналған штрихкодтар орналастырылды. Жолаушылардың тексеру процедурасын жылдамдатуға арналған «E-gate» программалық-аппараттық кешені енгізілуде», – деп хабарлайды.