«Sincere Systems» ЖШС ісіне үкім шықты

«Sincere Systems» ЖШС ісіне үкім шықты

Цифрлы технологиялар мен ғаламтор желісінің қарыштап дамуына ілесе, көлеңкелі бизнес пен интернет алаяқтығы жарыса дамып келе жатыр. Бұл, керек десеңіз, әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып үлгерді. Қазір әрбір мемлекет азаматтарды алаяқтардың құрығына іліндірмеу үшін барын салып жатыр. Осылардың қатарында қаржы пирамидасы туралы арнайы айтуға болады. Ол белгілі «компания» немесе «қаржылық ұйым» ретінде жарыққа шығады да, азаматтарды қаржы құюға, сол арқылы жоғары өсім немесе үлес алуға шырғалайтын тәсіл болып табылады. Барған сайын іргесін кеңейту үшін, айналасына адамдар топтауды басты мақсаты ете отырып, анағұрлым көп қаржы жинауға кіріседі. Алғашқы кезде салымшыларына белгілі көлемде «үлес» аударғандай болғанымен, өздері көздеген межеге жеткен күні «банкрот» бола салуы мүмкін. Мұндайда зиян тартушылар пирамиданың төменгі қабатында тұрған салымшылар болып қала береді. Ал, алаяқтар заң құрығына ілінбеген жағдайда жаңа компания немесе инвестиция тартумен айналысатын өзге де қаржылық ұйымдар құрып, өздерінің арам ойларын жүзеге асыра беруі мүмкін.

Елімізде қаржы пирамидасын ұйымдастыру, азаматтардан ешбір негізсіз қаржы жинау мәселелері заңмен тыйым салынған әрекет болып табылады. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары қаржы саласын реттейтін заңдардың арасынан саңылау тауып, жұртты тақырға отырғызған талай компаниялар болғандығын жасыра алмаймыз. Дегенмен азаматтардың мүдделерін қорғайтын заңдардың үздіксіз кемелденіп келе жатқандығының арқасында қазіргі күнде қоғамда белгілі деңгейде түсінік қалыптасып, адамдардың қаржылық сауаттылық деңгейі арта түскендігін айта кеткен жөн. Бұған БАҚ-тардың үлкен үлесі болды десек, қателеспейміз.

Біз төменде осындай бір алаяқтық туралы оқырмандарымызды  құлағдар еткенді жөн көріп отырмыз. Қазірге дейін ел ішінде аты шыға бастаған  «Sincere Systems» ЖШС ісіне жақында нүкте қойылды. Естеріңізде болса, осыдан бірер ай бұрын Алматы қаласының   Экономикалық тергеу департаменті «Sincere System Group» деген жалған компанияның алдауына түскен адамдарды іздестіріп жатқандығы туралы хабарлар таралған еді. Құзырлы органдардың жан-жақтылы тексеріп-зерттеуінің нәтижесінде тамыздың басында елордамызда аталған компанияның ісіне сот шешімі шықты. Астана қаласының Қаржы мониторинг агенттігі аталған компанияға қатысты мәліметтерді жария етті. Онда «Sincere Systems» ЖШС атты қаржылық ұйымның 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығы айтылған. Олар «криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келген. Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды», – дейді агенттіктің баспасөз қызметі. Өздеріне қаржы құюшылардың сеніміне кіру үшін алаяқтар ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрған. Өздеріне сенім артқан адамдарға аталған компания өкілдері жарна қосуды үгіттеген. Олардың талабы бойынша ең аз дегенде 100 доллардан салым салуы тиіс болған. Салған қаржының табысы ай сайын 8 пайыз, жылдық өсімі 70 пайыз болады деп сендірген. Сондай-ақ тіркелген салымшы өздеріне қоса, адамдар топтаған жағдайда әрбір ертіп әкелген клиентке құйылған сомадан 5 пайыз артық төлейміз деп уәде еткен екен. Өкінішке қарай, салымшылар аталған компанияның заңды құжаттарын көре алмапты. Құйылған қаржы компанияның сайтынан ашылған жеке кабинетте ғана көрсетілгенімен, қаржыны шешіп алу жағы мүмкін болмаған. Осыдан кейін барып клиенттердің көңілінде күдік туып, қатысты орындарға арыз түсірген. Осылайша тергеу-тексеру басталып, ақыры аталған компания «қаржы пирамидасын құрды» деген айыппен жауапқа тартылған.

Аталған компания 2020 жылы «нарыққа шыққаннан» бастап құзырлы органдардың күдігіне ілінгенге дейін салымшылардан 215 млн теңге ақша жинап алған екен. Осылайша басталған тергеу амалдары толығымен аяқталып, алаяқтардың ісіне нүкте қойылды. Сот үкімімен «Sincere Systems» ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Қаржы мониторинг агенттігі сонымен қатар «Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты «Sincere Systems» (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісін ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп жатқандығын» хабарлады.

Қаржы пирамидасы туралы заңдар кезең-кезеңімен кемелденіп келе жатқандығын айта кету керек. 2022 жылдың шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Аталған заңның тармақтарында қаржы пирамидаларын жарнамалағандардың да заң алдында жауапкершілік арқалайтындығы анық көрсетілген. Құзырлы орган өкілдері ел азаматтарын, күнделікті өмірде қаржы пирамидасына қатысты қандай да бір күдікті жағдайлар байқала қалса, жергілікті жердегі Қаржы мониторинг агенттігі немесе Экономикалық тергеу департаменті секілді мекемелерге хабарласуға шақырады.

 

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9168
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8566
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11794
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9562
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10774