Ширек финалға 4 қазақстандық өтті

Ширек  финалға  4 қазақстандық өтті

«Бокстан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқап әлем чемпионатының ширек финалына төрт қазақстандық жолдама алды. Спортшылар бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, медаль ала алады»,— деп хабарлайды   vesti.kz сайты.   71 келіге дейінгі салмақта кездесу өткізген Асланбек Шымбергенов Германия өкілі Магомед Шахидовты айқын басымдықпен жеңді. Ол үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.  Саматәлі Төлтаев Колумбия боксшысы Дуван Зулетадан басым түсіп, ¼ финалға жолдама алды. 21 жастағы спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 20 жастағы Махмуд Сабырхан шотландиялық қарсыласы Мюттью Макхэйлді жеңді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы келесі айналымда бразилиялық Майкл Тринидадпен жұдырықтасады.  48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Теміртас Жүсіпов Омер Ахметовичті төрешілер шешімімен жеңді. Жартылай финалға жолдама алуы үшін ол өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовтен басым түсуі керек. 

 

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568