Соқ, жүрек!

Соқ, жүрек!

 

     атты Мұқағалидың өлеңін

көкірек сарайында сайратқан дәрігермен толғақты әңгіме

   Алматы қалалық кардиология институтын білмейтін адам кем де кем шығар. Себебі адамда жүрек біреу. Ағзаның моторы болып саналатын бұл дене мүшесінің рөлі өте зор екенін айтпасақ та болар. Жұдырықтай жүрек өте еңбекқор. Бір тәулікте тынымсыз лүпілдей соғып, адамның ағзасындағы шым-шытырық тамырлар арқылы 170 литр қанды үздіксіз айдап отырады екен. Алланың бір ғажайыбы мен ғаламаты осы болар. Бір отбасында үлкені мен жасы бар жүрегі ауырмайтын пенде жоқ. Бұл институттың қалалық деген атауы болғанымен республикамыздың түкпір-түкпірінен  науқастар ағылып келіп жатады. Бір жылда 8 мың науқас келіп осында ем-дом қабылдап, құлан-таза жазылып шығады екен.  Біз кардиология бөлімініңмеңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Баймаханов Абай Әнуарұлы мырзамен хабарласып ек телефонның аржағынан  қазақы қоңыр үні естілді: «Келіңіздер! Біздің есігіміз әрдайым ашық!» Кішкентай кабинеттің жан-жағында тамаша тартымды табиғат суреттері тұр. Дәл соның ортасында бір парақ қағазға жазылған қазақтың өр ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Соқ, жүрек!» деген өлеңі көзімізге оттай басылды. Біздің назарымыздың өлеңге түскенін сезімтал дәрігер бірден сезді. 

   -Бұл өлеңді жатқа білемін. Оқыған сайын маған рух, жігер береді,-деді ол бізге жымия қарап. Біз сұхбатымызды дәрігердің басты қаруы мен емі осы жылы сөзінен бастадық.

-Абай мырза, сіз ұзақ жылдар бойы жүректі емдеумен айналысып келесіз. Өзіңіз еңбек етіп жүрген институтыңыз жайлы баяндап берсеңіз. 

 

 

 -Мен Алматы мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетіне 1983 жылы түсіп, 1990 жылы аяқтадым. Мамандығым дәрігер-кардиолог. 34 жылдан бері істеп келемін. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Шымкентте жедел жәрдем бөлімінде бастадым. Тұрар Қараевич, Төлеген Егембердиев (құрметті профессор) сияқты ұстаздарыммен әлі күнге дейін хабарласып, тәжірибе алмасып отырамыз. Бірге жұмыс істеп келе жатқан әріптес дәрігерлер Ә. Б. Рахметуллаева, Ә. Б. Алпарова,  Н.Н.Алпеева, Н. Ж. Абилдаева сияқты қыз-жігіттерге алғысым шексіз!   Төлеби көшесі 93 үйде орналасқан Алматы қалалық кардиология институты 2006 жылдан бастап істеп келеді. Жұмыс жасап жатқанына 17 жыл болып қалды. Орталықты падемияға дейін және кейін деп екіге бөліп қарастырсақ, бұрын қаралатын аурулар 14 мың болса, пандемиядан соң, 8 мыңға азайды. Оған себеп кейіннен №4, 7, 12 қалалық ауруханаларда кардиология бөлімшелері ашылды. Негізінде ковидтен кейін жүрекпен ауыртатындар саны артты. Медицина тілінде күрделенген науқастар десек те болады. Олар әдетте көктем мен күз айларында көп келеді. Статистика бойынша осылай. Неге десеңіз, науқас ата-апаларымыз жазда көбінесе саяжайларға, демалыс орындарына, санаторилерге барып демалыстарын өткізеді. Бізде жаңадан пайдалануға берілген жапон аппараты барБұл өзі өте қымбат аппарат, Қазақстанда біреу-ақ десе де болады. Егер науқас ауырғанда 90 минут ішінде үлгеріп келсе майда қан тамырларын көруге мүмкіндік бар. Бекітіліп қалған тамырды ашып, өлімнен алып қала аламыз. Міне содан адамдар  сауығып үйіне шығып, жұмыстарына оралып жатырОл кезде 89- жылдары өлім көп болатын. 2006 жылғы дейін қаралған науқастар Германия, Израилге барып тексеріліп келетін. Қазір осы жапон аппаратының көп септігі тиіп жатыр. Біз куәлігі бар Қазақстан азаматтарына өміріне қауіп төніп тұрса (медициналық сақтандыру жүйесі болмаса да) тегін көмек көрсетеміз. Одан өзге экономикалық аймақта тұрған Ресей, Белорусия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген ауруларға жедел көмек беру керек болса оларды да тегін емдейміз.      

-Еңбегіңіз ескеріліп,  біраз марапаттарға ие болған шығарсыз? Сондай-ақ отбасыңыз туралы айта кетсеңіз.

 

 

 

 

  -2010 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына келген қонақтарды емдеп қызмет көрсеткенім үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым. Екі сьезінде де тегін барып емдедік. 2011 жылы Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы  10 жылдығы, 20 жылдығының мерейтойы медалдарыменмарапатталып, ҚР президенттері Н. Назарбаев, Қ. Тоқаевтан Алғыс хат алдым. Сондай-ақ Алматы қаласының экс-әкімі А. Есімовтің,  бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиевтің берген Құрмет грамоталары  бар. 2010 жылдан бері медицина ғылымдарының кандидатымын. Осы жұмысыммен қатар Алматы мемлекеттік медицина университетінде студенттерге дәріс беремін. Ал отбасым туралы айтсам әйелім, 1 оқушы ұлым бар.  Абай, Алма, Абылай. Бір қызығы бәріміздің атымыз А-дан басталады екен.

  -Әдетте қазір жүрек-қантамыр аурулары жас талғамайтын болды. Ал одан сақтанудың жолдары қандай?

   Ол-стресс, жүйкенің тозуы, еңбек режимін сақтамау, дұрыс тамақтанбау. Кейбір адамдардың биологиялық сағаттары сақталмайды. Мырыш, қорғасын, машина жасау зауыттарында, әртүрлі фабрикаларда ауысыммен істейтін жандарда көбірек кездеседі, 2-3 ауысыммен таңға дейін ұйықтамай жұмыс  істеу, зорығып шаршау жүрек талмасына әкеп соғады. Мұндай зиянды жұмыс істейтін адамдарды зейнетке 10 жыл бұрын шығару керек. Сонымен қатар ас тұзын азырақ пайдаланып, холестерині аз тамақ жеу қажет. Құрамында түрлі дәмдеуіштер, химиялық қосылыстары бар тағамдар тамырымызды бітеп тастайды. Кейбіреулер күніне 2-3 литр су ішу керек деп жатады. Ол қате пікір. Бүйрек, өкпе, қан айналуына зиян. Ағзаға зорлық жүрмей, өзі су ішкісі кеп сұрануы керек. Аспирин, тромба АС, кардиомагнил дәрілерін профилактика ретінде ішіп тұрған жөн. Ол инфаркт, инсульттың алдын алады. Бір ескертетін жайт-асқазан жарасы, гемморойы, ашық жаралары бар адамдарға болмайды.

-Жүрек-қантамыр аурулары – жүрек пен қан жүретін тамырлар ауруының жүйелері. Бұғанинфаркт, инсульт жатады. Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін белгілерін білген жөн.

Тамырлардың бітелуі белгілері

 Ентігу немесе ауа жетпейтіндей сезіну, шаршау, жүрек қағу, бас ауыру,аяқ ісу, ұйқы бұзылады. Тамырда тромб болып, жүрек бұлшықеттеріне қан жетпегенде жүрек ұстамасы басталады. Қан жетпегендіктен жүрек бұлшықеттері жансызданады. Көбірек қан жүрмей қалса, жүрек те әлсірейді.

Инфаркт миокардасы

Адамдарда әртүрлі болады. Жиі кездесетін белгілері:

-кеуде жайсыздығы, әсіресе көкіректің орта тұсында қысылып, күйіп толып тұрғандай сезіну, ауыру;

-бір немесе екі қолда бірдей, иықта, мойында, арқада, жақта немесе іш тұсында жайсыз сезіну;

-бас айналу, әлсіздік, тершеңдік, жүрек айну;

-ауа жетпеу.

Инсульт 

Артерияны тромб бітеп және жарылғанда ми тамырлары зақымданатын тамыр ауруы. Соның әсерінен жасушалар бұзылып, жансыздана бастайды. Инсульттан адам өліп кетуі немесе мүгедектікке әкеп соғуы да мүмкін.

Инсульт белгілері:

-бет кенеттен жансызданып немесе аяқ-қолдың әлсіреуі (дененің бір жағы жансызданып қалуы);

-кенеттен көз қарауытып, көрмей қалу;

-тілі күрмелу, дұрыс сөйлей алмау;

-себепсізден-себепсіз бас айналу;

-бас айналу, естен тану.

  Жүрек ауруынан сақтанып, күтінудің жолдары

Жоғарыдағыдай белгілер байқалса, бірден  жедел жәрдем шақыру қажет.    Әдетте жүрекке стенд қойған адамға спортпен шұғылдануға болмайды, қатты жүруге, жүгіруіне болмайды деп жатады. Негізі бұл қате пікір. Стенд қойған соң ағза қайта қалыпқа келеді, науқас күнделікті өмірге  оралып, спортпен айналысып, дұрыс тамақтанып жүрсе ешнәрсе де болмайды.

-Дене қимылының аз болуы немесе гиподинамия.Көп қимылдауға тырысыңыз! Өзіңізге және отбасы мүшелерінің теледидар мен компьютер алдында өткізетін уақытын азайтыңыз. Отбасымен серуенге және таза ауаға шығып ойындар ойнаңыз. 

- Стресс. Ол жүрек-қантамыр жүйесіне әсер еткен кезнде адреналин гормоны шығарылады да, жүректің жиі соғуына, тамырдың тарылуы мен қысылуына әкеледі. Осының салдарынан қан қысымы жоғарылап, жүрек бұлшықеті бұзылады. Тамырдың тарылуына профилактика жасау үшін қаладан алыс жаққа, табиғат аясына жиі шығу керек, өмірдегі келеңсіздіктерге, тұрмыста кездесетін кикілжіңге назар аудармауға, оның орнына өзіңізге көтеріңкі көңіл-күйлер сыйлауға тырысу керек;

Дене салмағының артуы;

Майлы және ащы тамақты артық қабылдау.Жануардың майын (май, сары май, қаймақ, шұжықтың құрамында май көп) пайдалануды мейлінше қысқарту, ал тұзды тәулігіне 3-5 г дейін (шәй қасығынан аз) азайту қажет. Рационды жеміс-жидектер, көкөністер құрау керек;

- Қандағы холестерин деңгейінің артуы (норманың жоғары шегі 5,0 ммоль/л);

Жас келген сайын (45 жастан жоғары) жүрек-қантамыр ауруларының көбею қаупі артады;

Әсіресе еркектердің ағзасы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына бейім келеді; 

- Тұқым қуалаушылық;

- Темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер ішу. Никотин тамырларды тарылтады, сондықтан артериялық қан қысымын жоғарылатады. Тамыр қабырғалары зақымданып, оларда түйіндер жиналып, содан жүрек-қантамыр аурулары пайда болады.

- Артериялық қан қысымының жоғарылауы(140/90 мм сын.бағ. жоғары);

- Қант диабеті немесе аш қарында қандағы қанттың жоғары болуы (қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі 3,3-тен 5,5 ммоль/л);

Айтылған ескертпелерді  азайту арқылы тек көңіл-күйді ғана жақсартып, сөйтіп ұзақ өмір сүруге болады. Негізі жүрек сәби ананың құрсағында жатқанда 11 аптадан кейін фундаменті қаланып, соға бастайды. 4 камералы, 3 клапаны бар. Физиологтардың айтуы бойынша 250-300грам бұлшықеттен тұрады. 1 тәулікте 170 литр қан айдайды. Біз титтей ғана жұдырықтай жүрегімізді күтпей, зор салмақ түсіреді екенбіз. Сондықтан жүрегімізді сақтап жүрейік!

-Еменжарқын әңгімеңізге рақмет! Науқастарыңыз азайып, еңбектеріңіз жана берсін!

                                                                                                                                                                    Сұхбаттасқан-                                     Шаргүл Қасымханқызы

 

                                           

   

 

                               Халықаралық серіктестік    

   -Оңтүстік Кореяның клиникалары мен университеттерінде Меморандум бойынша бірлесіп істеу келісілген;

-Сеул қаласының Енсе университетіндегі Седжон клиникасы; 

-Сеул қаласы Самсунг клиникасы;

-Түркияда: Стамбул қаласы Фатих университеті, Сема госпиталы;

-Шетел мамандарымен бірлесіп, семинар, шеберлік кластар өткізіледі.     Меморандум келісімі бойынша Оңтүстік Корея клиникасымен бірлесіп,15 дәрігер, 1 медбике дәріс алды. Осы жылдың желтоқсанында 2 дәрігер- кардиолог реабилитация мәселесімен Үндістаннан білім алды.

  (Бұны мақаланың арасына ойып қою керек)    (Жандәулетке тапсырма)

          Суреттер бар  

                  Соқ, жүрек!  

Қалай-қалай соғасың, қан жүрегім?!

Соғасың, әлі өмірің бар білемін.

Дем ала ғой, байғұсым, дем ала ғой,

Бұл тірлікте құмарым қанды менің.

 

Мазалама кеудемді, ойнақ салып,

Хал жоқ менде көнетін қайраттанып.

Қаншама рет суындың қайнап барып,

Қаншама рет тірілдің жайрап барып?

Мен сені әлсіретіп алдым білем,

Болмашы нәрселерге айдап салып...

 

Өртенбей қалып едің от-жалыннан.

Көздеп атқан кімдердің оқтарынан.

Қорқамын, қорқам сенің, қан-жүрегім,

Қалжырап ойпы-тойпы соққаныңнан.

 

Түсінемін сенің қажып тұрғанынды,

Соқ, жүрек!

Бұзбай соққын ырғағынды!

Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін,

Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.

 

Қалай-қалай соғасың, қан-жүрегім?

Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.

Торға түскен торғайдай боп барасың,

Қаршығадай самғаған алғыр едің...

 

27.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

МҰХАММЕДСАБЫР ЖОЛДАМАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.06.2024 1225
ШАРДАРА СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.06.2024 33
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.06.2024 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БИЫЛ 2400-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.06.2024 21
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.06.2024 66

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 802
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 373
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1655
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1296
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2444