Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментімен оған бағынысты мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері «Динамо» спорт кешенінде жаттығып, өз шеберліктерін арттырады. 2 сағатқа ұласатын жаттығу барысында олар түрлі дене жаттығуларын жасап, артынша футбол, волейбол секілді ойындар арқылы бой сергітеді. Осылайша, жаттығудың әр сәтін тиімді пайдаланатын олардың жұмыс барысында сергек жүруі де сондықтан.
ҚАЖ саласының қызметкерлері алдағы уақытта да құқықтық қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік борыштарын абыроймен орындап, халықтың алғысын арқалай береді деген сенім мол!