Спортқа құштар өрендер көбеюде

Спортқа құштар өрендер көбеюде

Оралда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық мектеп лигасының» биылғы кезеңі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.

            Облыс орталығындағы «Омега» спорт кешенінде ұйымдастырылған спорттық іс-шараның ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысты. Қала мектептерінің оқушылары арасындағы «Ұлттық мектеп лигасына» биыл жалпы ниет білдірген 2200 оқушының 1760-сы ұл, 440-ы қыз бала екен. Бүгінгі таңда Орал қаласында салауатты өмір салтын ұстанып, мектеп намысын жоғары қойып, қалалық, республикалық жарыстарға қатысып жүрген оқушылардың саны жылдан жылға артуда. Осындай спорттық шаралар – соның айқын дәлелі. «Ұлттық мектеп лигасының» мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау,  балалардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, лига аясында мыңнан аса оқушыны спортқа тарту жоспарланған. Сонымен қатар өңірімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дене шынықтыру және спортты халық арасында кеңінен насихаттау, жасөспірімдерді спортқа баулу бағытында спорттық алаңдар ашылып, көпшілік бұқаралық спортты дамытуға баса мән берілуде.

Спортқа бұқаралық сипат беру мақсатында мектеп лигасына  мүмкіндігінше  барлық білім ошақтарын қатыстыру көзделді.  Лига жарыстары баскетбол, футбол, волейбол, гандбол, футбол, бадминтон және үстел теннисі секілді спорт түрлері бойынша өтіп, нәтижесінде мықтылар анықталатын болады.

Жарыстың ашылу салтанатында «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша шағын футболдан 3-4, 5-6, 7-8, 9-11-сыныптар арасындағы ұлдар және қыздар жарысында жүлделі орындардан көрінген командалар және «Үздік ойыншылар» марапатталды. Лига 24 қарашаға дейін жалғасуда.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
09.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569