ШҚО-да мәжілісімендер су қоймасына барды

ШҚО-да мәжілісімендер  су қоймасына барды

 

Еліміздің батысындағы бірқатар елді мекендердің тұрғындарынан тасқын сулардан тұрғын                үй-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы туралы өтініштердің келіп түсуіне және жария-ақпараттық алаңда жағымсыз қоғамдық пікірлердің өсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Е.Б. Саиров және Е.Т. Жаңбыршин З.А. Камаcова Шығыс Қазақстан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулылары Глубокое ауданы Белоусовка ауылында орналасқан су қоймасына барып ондағы нақты жағдайды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар аталған аудандағы Прогресс, Предгорное ауылдарындағы су тасқыны қауіпі бар  учаскелерін аралап тексеру жұмыстарын жүргізді.

- Өңірлерге арнайы жұмыс сапармен келудегі басты мақсатымыз су тасқыны қауіпі бар деген учаскелерді аралап, ауқымды  су қоймаларының жағдайын көзбен көру.  Нақты айтқанда бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан тасқын су мәселесіне байланысты өте көптеген сауалдар түсуде. Сондықтанда тұрғындардың өтініштерін ескере отырып тасықын судың алдын алу.   Өңірлерде су қоймаларында түйткілді мәселеде жоқ емес. Мен бұған дейінгі Шығысқа арналған жұмыс сапарымда Зайсан ауданындағы Үйдене, Тарбағатай ауданындағы Қандысу су қоймаларындағы өзекті мәселерді көтерген болатынмын.  Біз мәселенің салдарымен емес себебімен күресуіміз қажет – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Мамандардың айтуынша Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы су қоймасы 1946 жылы пайдалануға берілген. Глубочанка өзені және  кіші Ертіс өзенінің оң жағалауы құяды. Су қоймасының түрі-арналық, жағалау сызығы бойынша ұзындығы 3,3 км, көлемі 1,3 млн.м3, көлемі 1 млн. м3., Максималды тереңдігі 8.5 м, орташа тереңдігі 2.4 м. Есептік өткізу қабілеті 40 м3/сек құрайды.  Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

- Азаматтар тарапынан көтерілген кез-келген мәселе назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев мемлекеттік орган өкілдерімен депутаттарды халықпен жиі жүздесіп, толғандырған мәселерінің оң шешім табуына атсалысуды үнемі айтып келеді. Бүгінгі біздің жұмыс сапарымызда  мемлекет басшысының осы тапсырмасының аясында жүзеге асырылып отыр- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.

Депутаттар одан әрі 8-11 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Алтай, Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарын аралап ондағы су қоймаларының жұмысымен танысып ауыл тұрғындарымен кездесетін болады

ШҚО Асхан Тәттімбек
11.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 139
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731