Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев: «Оқу жылы оқу курсына байланысты басталады. Мәселен, 3-4 курс студенттері 1 қыркүйектен бастап келеді. Ал 1-2 курс және магистранттар қыркүйектің соңына дейін сабақты бастай алады. Барлығы университеттің академиялық күнтізбесіне сай болуы шарт. Оқуды аралас форматта да ұйымдастыруға болады. Атап айтқанда, дәрістерді онлайн режимде, ал семинарлық, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өткізіледі. 1-2 курс студенттері мен магистранттар сабақты 1 қыркүйекте бастауға міндетті емес. Ал қашықтан оқыту форматы ерекше білім алу қажеттілігі бар және тәуекел топтарына кіретін студенттерге қатысты қолданылуы мүмкін. Университет аумағына, соның ішінде оқу корпустарына, кітапхана мен жатақханаларға Ashyq арқылы кіргізеді. Бетперде режимі де сақталуы шарт. Айта кетерлігі, студенттерден ПТР-тест талап етуге болмайды», — деп жауап берді. Өкінішке орай, бізде бәрі керісінше: яғни ЖОО-лар әлгі ПТР-тесті талап етуі әбден мүмкін.
Ермек Сахариев