СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕП БЕРДІ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕП БЕРДІ
Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын адамдар кез-келген қоғамның негізгі тірегі саналады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған.
Ал қайырымдылық қанында бар қазақ халқы соңғы жылдары бұл бағыттағы жұмыстарды тіпті үдете түсті.
Ұланбел ауылының іскер әкімі Еркебұлан Абасов ауылындағы қайырымдылық жасағысы келетін, қолы ашық, жомарт жандардың көбеюіне ықпал етуде. Оның елмен тіл табысуының арқасында көптеген игі шаралар атқарылуда. Жақында ғана Ұланбел ауылының аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарының «РИО Тинто Экспмерейшн Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры Гарри Райт ауылдың әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларының жоғары оқу орнында оқитын балаларының 2023-2024 оқу жылындағы 1 жылдық оқу ақысын төлеп берді. Атап айтқанда, оқуға деген құлшынысы зор Тараз мемлекеттік унверситетінің 1, 2-курс студенттері Аяулым Несіпбек, Мөлдір Дулат, Ақназ Болат, Самал Аманбектерге қолдау көрсетілді.
-Гарри Райт мырзаға ата-аналар атынан аналық алғысымды айтамын. Ол кісі үлгі боларлықтай, өнеге аларлықтай игі іс жасады. Қазіргі заманда бала оқытудың қиындығын ата-аналар жақсы түсінеді. Осындай сәтте көмек көрсеткеніне ризамыз. Кейінгі жастарға демеу білдіру – алдыңғы буын өкілдерінің мақсат-мүддесі болуы тиіс деп ойлаймын-дейді Ләйлә Несіпбекова.
Бүгінгі таңда бұл компания Ұланбел ауылындағы іс-шаралардың қызықты өтуі мен өркениетін дамытуда ақшалай демеушілік жасауда.
Алуа ГАУҺАРБАЙҚЫЗЫ, «Мойынқұм таңы».
24.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14403
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14328
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29471
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28100
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31636