СТУДЕНТТЕРМЕН БЕЙРЕСМИ ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СТУДЕНТТЕРМЕН БЕЙРЕСМИ ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Қ.Ілебаев Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттерімен кездесті.  Институт проректоры А.С.Қадырова кездесудің студенттер үшін маңыздылығын атап өтіп, оларды белсенді түрде пікір алмасуға шақырды.  Л.Қ.Ілебаев мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылатындығын атап өтті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет саласында соңғы жылдары орын алып жатқан оң өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде кеңінен ақпарат бере отырып, студенттердің сұраныстарына қарай келесі мәселелерге жекелей тоқталып өтті:- Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мен рәсімдері түсіндірілді. Бұл ретте, мемлекеттік грант¬пен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің аудандар мен ауылдық округтерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалу мүмкіндігі туралы тың ақпарат берілді. - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметте жұмыс жасау мүмкіндіктері мен жас мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін материалдық қолдау шаралары түсіндірілді.- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі негізделетін адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық қағидаттарына, оның ішінде  клиентке бағдарлану қағидатының мән-мағынасы бойынша түсіндірме берілді. - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары білімнен кейінгі білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.  Институттың Экономика және бизнес факультетінің деканы Ж.А.Қуатбеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы және Институттың арасында 2021 жылы жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумның аясында нәтижелі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.  Жиынды қорытындылай келе, Л.Қ.Ілебаев студенттерге алғыс айтып, толағай табыстарға жетуді тіледі.

13.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 113
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 126
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 216
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 216
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 585
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 528

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9231
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8627
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11853
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9623
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10835