СУ БАСҚАН АУЫЛДА ЕГІЗДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

СУ БАСҚАН АУЫЛДА ЕГІЗДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды.
Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер — гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады.
Ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандыруына тура келді. Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 г және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді.
Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Қорғаныс министрлігің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
01.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1145
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7191
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11051
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7255
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7402