Су көлемін болжау

Су көлемін болжау
Ирригациялық жүйелердегі су шығыны мен деңгейін цифрландыру және есепке алумен айналысатын неміс-қазақстандық GST/HST EURASIA ЖШС өкілдерімен кездесіп, еліміздің өңірлерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқыладық.
Компания Қазақстанда ашық каналдар мен ірі су құбырларда су шығынын өлшеу бойынша бірнеше пилоттық жобаны іске асырды. Мәселен, былтыр GST/HST EURASIA өзінің серіктесі GWF компаниясымен бірге «Шардара су қоймасының бөгетін реконструкциялау және сейсмикалық төзімділігін арттыру» жобасы аясында «Арнасай» су реттегіші мен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қызылқұм магистральды каналында су шығыны мен деңгейін өлшеудің ең үлкен нүктесін белгіледі.
Кездесуде GST/HST EURASIA компаниясы Қазақстанда су ресурстарын басқарудың көп деңгейлі заманауи жүйесін құруды ұсынды. Басты мақсат - су ресурстарын дәл есепке алу, тиімді пайдалану және үнемдеу. Сонымен қатар, GST/HST EURASIA компаниясының неміс-швейцариялық серіктесі GWF кәсіпорны Қазақстан аумағында су ағынының жылдамдығын есептейтін ультрадыбыстық датчиктер шығаруға ниетті. Сондай-ақ, GST/HST EURASIA болашақта елімізде заманауи суару жүйелерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ақылды су тығыздағыштар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Су көлемін болжау үшін дәл әрі шынайы мәліметтер қажет. Ал бұл өз кезегінде су шығыны мен тұтыну көлемін тура өлшеуді, сондай-ақ осы ақпаратты жылдам өңдеп, маңызды деректермен қамтамасыз етуді қажет етеді. Компания ұсынған технологияларды енгізу шығындары едәуір аз, сондықтан экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді.
Дегенмен, тағы мұқият зерттеуді қажет ететін қосымша және техникалық мәселелер бар. Біз оларды келесі кездесулерде талқылайтын боламыз.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
03.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 965

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646