ШУ ҚАЛАСЫНДА 100 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ШУ ҚАЛАСЫНДА 100 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Бүгін Шу қаласындағы “Әсия-әлемі” балалар бақшасының қосымша кіші топтарға арналған жаңа нысаны ашылып, бүлдіршіндердің игілігіне берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысып, балабақша ұжымы мен ата-аналарға ізгі тілегімізді білдірдік.
Аталған балабақша 2016 жылы 250 бүлдіршінге арналып ашылғанын айта кеткен жөн. Енді міне, ата-аналардың сұранысына сәйкес қосымша 100 балаға арналған нысан ашылып отыр. Бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан балабақша заманауи үлгіде жабдықталған. Бөлмелері кең, жылы әрі жарық.
Келген қонақтар балабақша ішін аралап, бөлмелерімен таныс­ты. Әр бөлме балалардың жас ерек­ше­ліктеріне қарай жабдықталған. Мұнда бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен, музыкамен айналысуына да баса назар аударылған. Осы ретте, жеке балабақша ашып, игілікті жұмысты іске асырған жерлестерімізге тек алғыс айтамыз.
Бақытжан Жәнібеков Шу ауданы әкімі
08.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14434
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14352
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29498
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31664