Су ресурстары және ирригация министрлігі ведомствоға жүктелген міндеттерді орындап, белсенді жұмыс істеуде

Су ресурстары және ирригация министрлігі ведомствоға жүктелген міндеттерді орындап,  белсенді жұмыс істеуде
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда су ресурстары тапшылығының алдын алу және еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап ведомствоға жүктелген міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Возможно, это изображение текст
Президенттің тапсырмалары қалай орындалып жатқаны туралы тарқатып айта кету керек деп санаймын.
1. Президент қойған бірінші міндет - Қазақстанда су тұтыну, су ресурстарына ұқыпты қарау және үнемдеу мәдениетін енгізу болып табылады. Возможно, это изображение текст
Бұл мәселеде шетелдік тәжірибе маңызды. Осыған байланысты біз алдыңғы қатарлы елдерге назар аударамыз. Мәселен, Германия су ресурстарын басқару саласындағы Еуропа мен әлемдегі ең прогрессивті елдердің бірі болып табылады. Бұл тек су объектілерін қорғауда ғана емес, сонымен қатар ауыз суды үнемдеуге және өнеркәсіпте суды тиімді пайдалануға да қатысты. Возможно, это изображение текст
Германияның су заңнамасына сәйкес су - табиғаттың бір бөлігі болып табылады және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік кеңістігі ретінде қорғалады. Олардың су туралы Заңының негізгі қағидасы - «арнайы рұқсат етілмеген нәрсеге тыйым салынады». Әлемдік озық тәжірибеге назар аудара отырып, біз Су кодексін өзектендірдік. Парламент Мәжілісіне енгізілген құжаттың жаңа редакциясында суды сарқылудан, ластанудан және бітелуден қорғауға басымдық берілді. Ресурстың өзі енді тек экономикалық пайда көзі ретінде қарастырылмайды. Возможно, это изображение текст
Жаңа Су кодексінде кәсіпорындардың суды үнемдеуіне, тазартуына және қайта пайдалануына ерекше мән беріледі. Мысалы, бір көлікті жууға 200-250 литр су, ал бір жүк көлігіне 500-700 литрге дейін су жұмсалады. Бұл жылына шамамен 100 миллион текше метр су.
Шағын және орта бизнес нысандары іс жүзінде ауыз суды пайдаланатын болғандықтан суды қайта пайдалану технологияларын енгізудің шұғыл қажеттілігі бар.
Жергілікті тазалау құрылыстарын (ЖТҚ), атап айтқанда, автокөлік жуу орындарында енгізу орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен ауыз суды тұрақты қоспай және тұтынбай суды қайта пайдалануға мүмкіндік береді.Возможно, это изображение текст
Осыған байланысты министрлік мынадай өзгерістерге бастамашы болуға ниетті: суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ұйымдар осындай жүйеге көшу жоспарын ұсынуға міндетті.
Ал 5 ақпанда қабылданған ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес су саласын төмендегі бағыттар бойынша дамыту жоспарланып отыр:
* Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте су тасымалдау кезінде өнімсіз шығындарды азайту;
* Су үнемдеу технологияларын енгізу. Суармалы суды 20-30% үнемдеу қосымша суару алаңдарын енгізуге және су ресурстарын пайдалану өнімділігін 2-2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді;Возможно, это изображение текст
* Бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін судың аз мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беретін қолда бар су ресурстарын ұтымды пайдалану.
* Деректерді жинау және талдау жүйесін құру, еліміздің су қауіпсіздігіне қауіп-қатерлер мен экологиялық, экономикалық, ғылыми және саяси негізделген ден қою шаралары бар болжамдар мен жоспар әзірлеу. Бұл бағыттағы қадам - түпкілікті тұтынушыға дейін судың таралуы мен пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
* Су экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ әртүрлі экономикалық қызмет түрлері үшін еліміздің су ресурстық әлеуетін арттыру. Мәселен, Су кодексінің жаңа редакциясына сәйкес халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су алудың рұқсат етілген мөлшері өзен, көл және теңіз экожүйесін сақтау үшін қажетті өзен ағынын ескере отырып есептелетін болады;Возможно, это изображение текст
* Елдің су ресурстарын сақтауды және суды қорғау мен пайдалануға қойылатын талаптарды заңнамалық реттеу. Мысалы, жаңа Су кодексі министрліктің бассейндік инспекцияларына қадағалау функцияларын береді. Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдар су ресурстарына қоғамдық бақылау жүргізу үшін аккредитация ала алатын тәртіп жазылған.
2. Мемлекет басшысы су ресурстарын басқару мәселесінде басқа елдердің тәжірибесін зерделеудің маңызын бірнеше мәрте атап өтті. Сондықтан біздің министрлік шетелдік озық тәжірибені белсенді қабылдап жатыр. Біз жаңа Су кодексін және осы жылдың 5 ақпанында қабылданған ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу барысында басқа мемлекеттердің жұмысын мұқият талдадық.
Тұжырымдаманы құрастыру кезінде басқа елдердің тәжірибесін таңдау қарастырылып отырған бағытқа байланысты болды. Мысалы, су үнемдеу жүйелерін, сондай-ақ ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану технологияларын енгізу нормаларын әзірлеу кезінде Израиль, Испания және Сингапурдың тәжірибесі ескерілді. Су тасқыны мен еріген қар суының алдын алу пунктерін әзірлеу кезінде Нидерланды мен АҚШ тәжірибесі қарастырылды. Су ресурстарын қорғау және басқару мәселесінде біз Оңтүстік Корея, Австралия, Түркия, Еуроодақ және оның ішінде Германия сынды жекелеген елдерінің тәжірибесіне сүйендік.
Көрші мемлекеттердің тәжірибесі де назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, су саласында кадр даярлау бағытында. Қырғызстан мен Өзбекстанның білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары мұқият зерделенді.
Ал қаңтар айының соңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен өткен кеңесте «Болашақ» білім беру бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» және «Су қауіпсіздігі» сияқты жаңа су саласының мамандықтары енгізілгені туралы жарияланды. Қазақстандық студенттер осы жылдан бастап аталған бағыттар бойынша шетелде білім ала алады.
Сонымен қатар, жетекші мамандарды тарту, отандық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірлескен бағдарламалары, суарудың, үнемдеудің және суды тазартудың заманауи технологияларын енгізу сияқты мәселелер бойынша Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б. мемлекеттердегі әріптестерімізбен үнемі кездесу өтіп тұрады. Мысалы, Мажарстан мемлекетімен олардың су тазарту қондырғыларын зерттеу және ағынды суларды тазарту бойынша кеңес беру туралы келісім бар.
3. Мемлекет басшысының тағы бір маңызды тапсырмасы су үнемдеу технологияларын ауқымды түрде енгізуге қатысты. Әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлер жоғары қауіпті аймақта орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, министрлік Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 км суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, бұл 362 мың гектар суармалы жердегі суды есепке алуды қамтамасыз етеді және жыл сайын 600 млн текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан аумағында суды тиімді пайдалану технологияларын енгізу жоспарлануда. 2030 жылдың соңына қарай республиканың суармалы жерлерінің жалпы көлемінің 50% - дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына 2,1 текше шақырымға дейін су үнемдеу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде су беру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 105,1 мың гектар жер. Жұмыс басталғаннан бері 74,5 мың гектар ауылшаруашылық жерлеріне су беру жақсарды. Ал суару желілеріндегі судың шығыны 193 миллион текше метрге дейін азайды.
Шаруаларды ынталандыру шаралары да әзірленіп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп су үнемдеу жүйелерін орнату және жабдықтарын сатып алу шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ал жаңа Су кодексінде су үнемдеу технологияларын енгізу дәрежесіне байланысты су беру қызметіне төмендетілген тариф және субсидиялар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
Сондай-ақ, суармалы су тарифін өсірілетін дақылдардың түрлеріне және олар тұтынатын су көлеміне қарай есептеу ұсынылады.
Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің аумағында су үнемдеу технологияларын енгізу және су қоймаларын тазарту саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік компаниялармен 17 кездесу өткізді.
Ал осы жылдың қаңтар айының соңында біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Алматы облысында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңес өткіздік. Кеңеске су беру жабдықтарын өндірушілер мен ірі шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты. Нәтижесінде Алматы облысының әкімдігі мен қытайлық ірі компаниялар арасында өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу және инвестиция тарту бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды.
Мажарстандық Water&Soil компаниясымен еліміздегі суармалы алқаптарда топырақта ылғалды ұстап тұру үшін органикалық препараттарды қолдану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл үлкен көлемде су үнемдейді және өсімдіктерді құрғақ кезеңдерде де ылғалмен қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су ресурстарын үнемдеудің тиімді шаралары жазылатын су үнемдеудің кешенді жоспары бойынша жұмыс басталды.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
19.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626