Алматы қаласындағы Қ Сәтпаев университетінде, оқу орданың басшылығы мен өткен кездесуге су саласының ардагерлері, ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткіздік.
Университет ректоры Мейрам Бегентаев, Сәтпаев университеттің даму бағдарламасында су қауіпсіздігі саласындағы зеріттеулер мен гидрогеология саласына қажетті мамандарды даярлау жеке бағыт ретінде көрсетіліп, ереше көңіл бөлініп отырғандығын жеткізді.
Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың ҚР атқарушы директоры Болат Бекнияз, халықаралық сарапшы (кезінде Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған)Төлеген Сәрсембеков, Қазгипроводхоз серіктестігінің директоры (ҚР АШМ су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы) Анатолии Рябцев, Сәтбаев университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдырының кандидаты Дулат Қалитов және т.б. азаматтар кездесу барысында сөз алып өз ұсыныстары және пікірлерімен бөлісті.