СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Су тасқыны — табиғи құбылыс. Оны тежеу оңай болмай жатқаны рас.

Айтып келмейтін табиғи апаттың қалай, қай жерден келетінін ешкім де біліп жатпайды.
Осы күндері еліміздің бірнеше аймағы көктемгі қар еруі, сең қозғалу науқанынан су астында қалып әбігерге түсіп жатуына, кім де болса құр отырмас.
Айналдырған осы аптаның жылымық күндері ғана Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау және т.б. өңірлерін су арнасынан жайылып, елді дүрліктірді.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдай департаменті қызметкерлері оның салдарымен күресуде.
Видеоплеер
 
 
00:00
 
00:47
 
 
Жалпы еліміздегі болып жатқан жағдай әрқайсымыздың жанымызға батып, қабырғамызды қайыстырары сөзсіз. Дегенмен сабырлық танытуымыз керек. Халқымызда «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген дана сөз бар.
Сондықтан осындай қиын-қыстау сәтте, бір-бірімізді қолдап, бірлікті сақтауымыз қажет. Қол ұшын созып, демеу болуымыз керек. Сонда ғана біз барлық қиындықты еңсеріп, бойымызды тіктей аламыз.
Ия, апат айтып келмейді, бірақ қазақта «сақтансаң сақтаймын» деген де  сөз бар. Елімізде көктем келсе су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі.
Осыған орай Жамбыл облысында да көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің су тасқыны қаупінің алдын алу және жоюға бағытталған тапсырмасы аясында бүгін  облыста сел және су тасқыны қаупі бар Жуалы ауданыдағы Көксай, Қаралма шатқалдарын, Т.Рысқұлов ауданындағы Мақпал, Шөңгер, Қарақат, Қарақыстақ, Шалсу және Көкдөнен өзендерін,Меркі ауданындағы сел қауіпті Аспара, Меркі, Молалы, Талды бұлақ және Түзу сұрат өзендерін тікұшақпен аралау жұмыстары жүргізілді. Қардың еру барысы қауіп төндіретіндей емес.
Су тасқыны боп жатқан өңірлерге Алла жеңілдігін берсін!
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
31.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 30
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1184
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7230
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11095
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7295
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7439