СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Су тапшылығы әлемдік проблемаға айналғалы едәуір уақыт болды. Ал, осы су тапшылығын еңсеру жолында облыста өткен жылы су үнемдеу технологиялары 50,9 мың гектар (тамшылатып суару – 34,8 мың гектар, жаңбырлатып суару – 16,1 мың гектар) енгізілді. Ал биылғы жылы су үнемдеу технологияларын 57,0 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.Кейінгі кезде ағын сумен қатар, жерасты сулары да азайып бара жатқанын ескерсек, егістікті арықты суға толтырып, жаппай жайып суаратын ескі тәсілдің уақыты өтті. Арқаны кеңге салып жүре берсек, жаңа технологияны енгізбесек, егістіктен күтілгендей өнім ала алмайтынымыз тағы бар.Осыған орай, бүгін суару жүйелерін алудың жолдары мен қаржыландыру мәселелеріне байланысты арнайы жиын өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков облыста егістікті суландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Бекен Баймұратов суару жүйелерін қаржыландырудың тетіктері жайлы баяндады.Сондай-ақ, суару жүйелерін шығаратын компания өкілдері заманауи технологиялардың тиімділігі мен пайдасын түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.Аймақта су үнемдеу технологияларын толық көлемде енгізу су шығынын азайтып, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен шаруаларды су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін заманауи суару жүйесін сатып алуға және қажетті бүкіл инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50% өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау бар.Айта кету керек өткен жылы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 11,3 шақырымды құрайтын 10 су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2,1 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді.Одан бөлек, аймақта егіс көлемін арттыру мақсатында ұңғыма қазу арқылы жетіспейтін суды жер асты сулары есебінен қамтамасыз ету үшін 84 ұңғыма қазылып, 3,7 мың гектар алқап сумен қамтылды.Жалпы су тақырыбы алдағы кезеңде мүлде өзектілігін жоймайды. Сондықтан суармалы алқаптардың аумағын арттыру мен су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану - қазіргі заман талабы. Бұл бүгінгі өткен жиында айтылған ойлардың бастысы болса, мақсаты да осыған саяды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
09.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817