ШУДА 50 ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН МЕДРЕСЕ СОҒЫЛАДЫ

ШУДА 50 ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН МЕДРЕСЕ СОҒЫЛАДЫ

 

 

Аудан әкімі Сәкен Арубаев Қасиетті Рамазан айында аудан орталығындағы Төле би мешітіне бас сұғып, демеушілер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. 

Мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлының сөзінше, қазіргі кезде мешіттегі балалардың діни білім алатын бөлмесі мен имамның бөлмесі, сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын тікелей эфир арқылы жүргізуге арналған орталық және қарауыл бөлмесі мен дәретхана да күрделі жөндеуден өткен екен. 

Сондай-ақ, бас имам келесі жылдан бастап имандылық үйінің маңынан сыйымдылығы 50 оқушыны құрайтын қарилар дайындауға арналған медресенің құрылысы басталатынын айтады. "Мұнда 9-11 сыныпты аяқтаған оқушылар үш жыл бойы білім алатын болады. Орталықта оқитын оқушылардың оқуы мен тамағы түгелдей тегін болмақ. Бұл жұмыстардың барлығы ауданымыздағы демеуші азаматтардың көмегімен жасалып жатыр" дейді Т.Кәрібайұлы.

Мешіттегі игі бастамалармен танысу барысында аудан әкімі Түркия мемлекетінің Измир қаласынан келген қари Хусейн Серезлимен пікір алмасты. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шақыртуымен ауданымызға арнайы ат басын бұрған екен. Қари бір ай бойы Шу ауданында болып, Қасиетті Рамазан айында діни білімімен бөліспек.

11.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 166
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 176
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 452
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 268

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18356
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18220
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33404
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31959
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35718