«Шұғыла» мүгедектерге үміт сыйламақ

«Шұғыла»   мүгедектерге   үміт сыйламақ

Елімізде азаматтарға тиісті қызмет көрсететін оңалту орталықтарын салу да назарда тұрады. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін нысандардың бой көтеруі адамдарға жасалатын қамқорлықтың бірегейіне жатады. Мұндай жұмыстар Түркістан облысында да іске асырылуда.

Бүгінде Түркістан облысында 101 405 мүгедектігі бар азамат тіркеуде тұр. Олардың 15 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Жалпы 6732 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. Жуырда Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 90 орындық «Шұғыла» оңалту орталығы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды құттықтап, бұл игі бастаманы қолдады.

«Шұғыла» оңалту орталығында 3-18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар ем қабылдайды. Мұнда 90 балаға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Балалар үшін 60 стационарлық, 30 жартылай стационарлық көмек қолжетімді. Орталық 8 бағыт бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, мәдени, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз», – деген болатын. «Шұғыла» орталығы осы нақты ниеттердің айқын көрінісі болары анық. Бұл – жай ғимарат қана емес, бұл – балалардың болашағына деген үміт, ата-аналарға сенім, қоғамдағы мейірім және тең мүмкіндік мекені. Дәл осындай орталықтар жыл соңына дейін облысымыздың екі қаласында ашылады. Әр баланың арманына қанат бітіріп, өміріне жарық сыйлау – біздің басты міндетіміз. Құрметті ата-аналар, «Шұғыла» орталығы сіздерге сенімді тірек болады деп сенемін, – деді облыс басшысы. 

Орталық заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда көпфункционалды үстелдер, прессотерапия, қысқатолқынды терапия аппараттары, массаж және физиотерапия кабинеттері бар, сондай-ақ монтессори, сенсорлық және психомоторика бөлмелері түрлі дидактикалық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар сыртқы алаңдарда кіші футбол, воркаут, жазғы сахна, ал ішкі кеңістікте спорт және мәжіліс залдары қарастырылған. Мүгедектігі бар 1-10 сынып оқушыларына арналған оқу кабинеттері де заманауи жиһазбен жабдықталған. 

Дәл осындай орталықтар жыл соңына дейін тағы екі қалада ашылмақ. Сарыағаш және Түркістан қалаларындағы 100 орындық «Аутизм орталықтары» балаларға қызмет көрсететін болады.

 

12.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17460
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17304
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32485
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31075
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34723