Сұранысқа ие тәтті торттар

Сұранысқа ие тәтті торттар

Қазіргі таңда әйелдер қауымы отбасында ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенді. Сан саланың дамуына үлес қосып, кәсібін дөңгелетіп отырғандары да баршылық. Олардың арасында жастардың да көптігі көңіл қуантады. Іскер әйелдер өндіріс, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мейрамхана ісі салаларында жетістікке жеткен.

 

Кейінгі кездері ауыл шаруашылығымен және басқа да кәсіп түрлерімен айналысып жүрген нәзік жандылар жетерлік. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға ие болған кәсіпкер әйелдердің жетістікке жеткендері де өте көп.

 

Мемлекеттен қаржылай көмек алмай-ақ, өз қаражатымен үйінде отырып өз кәсібін бастаған жанның бірі – Тараз қаласының тұрғыны Гауһар Сүйінбай. Ол үйінде тәтті тағамдар дайындап, өткізумен айналысады.

 

Бір өзі үйдің де, сырттың да тірлігіне үлгеріп, қолға алған кәсібін дөңгелетіп отыр. Көпбалалы ана үйде құр қарап отырғаннан гөрі осы кәсіпті қолға алуға бел байлап, жолдасының рұқсатымен кәсібін дөңгелетіп алып кетеді. Бұл істі қолға алғанына төрт жылдың жүзі болған. Бірнеше шеберлік сағатына қатысып, сертификаттарын да иеленген.

 

Кейіпкеріміздің айтуынша, қазіргі тұтынушылардың талғамы жоғары. Сондықтан істің көзін тауып бастаған екенсің, оны әрі қарай дамытып, санға емес, сапаға жұмыс істеу – міндетің. Ол үшін әр істі бастарда адамға әуелі көтеріңкі көңіл-күй мен ниеттің түзулігі және еңбек керек. Осындай асыл қасиетті бойына сіңірген Гауһар бүгінде кәсібі арқылы тұтынушылардың алғысына бөленіп жүр.

 

«Бізде торттар тек қана табиғи өнімдерден жасалады. Қызыл бархат, вупи пай, сүтті қыз сынды торттарымызға сұраныс жоғары. Алдағы уақытта өзге де жаңа торт түрлерін шығарып, халыққа ұсыну жоспарда бар. Осылайша тұтынушыларымды қуантқым келеді», – дейді ол.

 

Гауһардан тәттіге керекті қоспалар үшін аптасына 50 мың теңгеден жоғары жұмсалатынын, табиғи өнімдерден жасалған соң торттың бағасы да тапсырысқа сай дайындалатынын білдік. Сондықтан оның тәттілерінен бір рет дәм татқан адам оның тұрақты тұтынушысы болатынына сеніміміз мол. Себебі өз ісінің шебері әрбір өнімді ерекше ынтамен дайындайды.

 

Айта кету керек, жеке кәсіпкер қайырымдылық істерден де шет қалған емес. Мұқтаж жандарға қолдан келгенше көмек көрсеткенді жөн санайды.

 

– Торт пісіргенде барлығын ұмытып кетемін. Үйренем деген адам үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Бастысы – таза ниет пен адал еңбек болса болғаны. Шын ынтасы барға ешбір сабақтың да қажеті жоқ. Өйткені, қазір интернетте іздегеніңнің бәрі бар. Ерінбесең болғаны. Менде бос уақыт жоқ. Әрбір адам уақытты тиімді пайдаланып, бейім іспен айналысса жамандыққа орын болмас еді, – дейді Гауһар Ержігітқызы.

 

Кәсіпкердің тәттілеріне сұраныс жоғары. Той-жиындарға тапсырыс түскен күні тапжылмай еңбек етіп, 300-500 мыңға дейін табыс тапқан кездері де болған.

 

Тапсырыс тек Тараз қаласынан емес, аудандардан, сонымен қатар басқа да қалалардан түсіп жатады.

 

«Мен 9-сыныптан бері тәтті торттар пісіргенді ұнататынмын. Уақыт өте келе бұл кәсіпті мықтап қолға алдым. Шағын кондитерлік цех ашып, шәкірт дайындауды жоспарлап жүрмін. Бұйыртса, ойға алған ісім берекелі болып, сәтті жүзеге асарына сенімім кәміл», – дейді кәсіпкер. Гауһардың дайындаған тәтті торттарының килограмы 5500 теңгеден басталады.

 

Кейіпкеріміз сондай-ақ, әлеуметтік желілерін де ұдайы жүргізіп отырады. Бұл бизнес парақшаларында тәтті букеттер, торттардың суреттері жүктелген. Сонымен қатар, тапсырыс берушілерге арналған нөмірлер, барлық керекті ақпараттар толық жазылған.

 

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» десек, әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе білетінін аңғартатын мағына жатыр. Өйткені, қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат.

 

Мақпал САМАТҚЫЗЫ. Тараз қаласы.
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765