Швеция қалаларында тәртіпсіздік белең алып тұр

Швеция қалаларында тәртіпсіздік белең алып тұр

 «Хабар 24»: «Швецияда Пасха мерекесі кезінде ультраоңшыл топтың арандатушылық әрекетіне байланысты тәртіпсіздік тоқтамай тұр. Елдің Линчепинг, Норчепинг, Стокгольм, Эребру, Мальме және Ландскрон қалаларында төртінші күн қатарынан қақтығыстар болып жатыр. Тәртіпсіздік иммигранттарға қарсы «Stram Kurs» партиясын басқаратын ультраоңшыл саясаткер Расмус Палуданның жұма күні мұсылмандардың қасиетті Құран кітабын көпшілік алдында өртеп жіберіп, бұл әрекетін Швецияның басқа қалаларында қайталайтынын айтқан соң басталды»,—деп хабарлайдыШвеция полициясының хабарлауынша, «Stram Kurs»-тың 100-ге жуық қарсыласы полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, көліктерді, дөңгелектерді және қоқыс жәшіктерін өртеген. Тәртіпсіздік кезінде 16 полицей жарақаттанып, 25 адам ұсталды. Жексенбі күні сағат 23.00-де полиция Мальмё қаласы аудандарының бірінде өткен наразылық шерулерін тағы да таратуға мәжбүр болды. Бірнеше жерде өрт шығып, полиция қызметкерлеріне тас атып, петардалар мен отшашулар атылды. «Біз мұны зорлық-зомбылық көрсетілген көтеріліс деп сипаттаймыз», – деді полиция өкілі Патрик Форс. Осы арада Швециядағы толқулар халықаралық наразылық тудырды. Жергілікті Expressen газеті Ирак Сыртқы істер министрлігінің оқиғаға байланысты Швецияның Бағдадтағы елшісін шақыртқанын жазды. Ирак болған оқиғаның «ауырзардаптары болуы мүмкін» екенін мәлімдеді.

 

 

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 106
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 664

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411