Швейцариядағы жұмақ Мұнда сағат 10-нан кейін ешбір ит үрмейді

Швейцариядағы жұмақ  Мұнда сағат 10-нан кейін ешбір ит үрмейді

Белгілі кәсіпкер, меценат Марат Нәбиев Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында Қазақстанға келіп, шикізатпен байыған шетелдік инвесторлар жайында  айтты.

«Жердің асты мен үстіндегі байлық біздің елде болуы керек еді. Бірақ ол байлық шетелге кетті. Шеврон, Митталдарға, сондай-ақ еврей, кәріс және тағы басқаларға кетті. Шын мәнінде, қазақтар бұлардың ешқайсысынан кем емес-ті. Алайда бейшара болып отырмыз. Болат Әбілов, Мұхтар Жәкішевтер кез келген кәсіпорынды жүргізе алатын еді. Бірақ қазақ жігіттерді жақындатпады. Шетелден келгендер ешқандай жақсылық ойламайды. Өтірік емес, Машкевич Қазақстанға келгенде ақылы әжетханалар ашқан адам. Патох Шодиевтер утиль сүйремен айналысқан адамдар. Мұнда келді де бәрі бай болып кетті. Келген кезде олардың қалтасында бір тиын да болған жоқ. Ақылы әжетханалар ашқан адамда не ақша бар дейсің? Енді мінекей олар миллиардерлер.  Олар бізден кетсе, ештеме қалмайды, әкететіндерін әкетіп те қалды. Ендігі міндетіміз – қалған дүниемізді қайтарып алу», – деп пікір білдірді Марат Әскенұлы. 

Оның ойынша, ірі кәсіпорындар мемлекеттің қарауында болуы керек. Мұндай ойын кезінде бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа да айтқан екен. 

«1995 жылы Нұрсұлтан Әбішұлына ірі кәсіпорындарды шетелдіктерге басқаруға беруге болмайтынын айтқанмын.  «Олар алдап кетеді. Мұнайдан алтыншы орындамыз, соны өндірейік, мұнай зауытын тұрғызып өңдейік. Мұнай-химия зауытын салайық. Бензин, полиэтилен, басқа да өнімдер алайық, француздарды шақырып, Made in France парфюм өнімдерін дайындап сатайық» дедім. Мыс өндіру бойынша да солай еді, түрлі бұйымдарды өзіміз шығарар едік. Қазір, міне, электростанцияларға қажетті чиптерді таппай, қымбатқа жапондардан сатып алып жатырмыз. Шикізат сатқан ел ешқашан ел болмайды. Қазақстанда істейтін адамдар бар, тек оларды іздеу керек», – дейді кәсіпкер. 

Сонымен қатар, ол аталған алпауыттар Назарбаевтың ықпалы арқылы Марат Нәбиев басқаратын кәсіпорындарды тартып алғанын, атап айтқанда, Үндістаннан келген Лакшми Миттал 1996 жылы Лисаков кен байыту комбинатын, ERG басшысы Александр Машкевич 2004 жылы Ақмола облысындағы вагон жөндеу зауытын,  кейін басқа да ықпалдылар Сарыадыр кен орнын рейдерлік жолмен алып қойғанын айтып отыр. 

Көрінгеннің қолында, тістегеннің аузында кеткен қайран қазақтың қаржысы-ай десеңші!..

Швейцария туралы түрлі материал көріп отырып, тоқтай алмай жарты сағат күлген шығармын. Күлмегенде қайтемін, санасыз деген жануардың өзі тәртіпке, заңға бағынады. Иттерді солай тәрбиелейді. Швейцария эвтаназияға, яғни өмірімен қоштасқысы келетін адамға (дәрі салу арқылы) өмірден кетуге рұқсат еткен планетадағы жалғыз ел. Мұнда демалыс күні жұмыс істеуге, көлік жууға, кір жаюға, шөп шабуға болмайды. Демалыс күндері дүкендер де жабық. 

Сондай-ақ есікті қатты жабуға, түнде суды сарылдатып шомылуға да рұқсат жоқ, демалыста адамдар тек демалу керек. Ешкімнің мазасын алуға болмайды.  Бұл  ғажайыпстанның аты – Швейцария! Мұнда адамның бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған. Оған олар қатаң тәртіптің, заңның, мәдениеттің арқасында қол жеткізген.  Әлемде ресми астанасы жоқ екі ел болса, оның бірі – Швейцария. Берн – елдің де-факто орталығы саналады.  Әлемдегі ең бай, табиғаты ең сұлу ел туралы қызықтың бәрі алда. Кеттік!  Бұл 200 жыл ешқандай соғысқа араласпаған, қатыспаған, үнемі нейтралитет зонасында келе жатқан ел. Соңғы рет Наполеонға қарсы соғысқа араласқаны болмаса, Еуропаның дәл ортасында тұрып нейтралитет ұстайтын жалғыз ел. 2 ғасыр нейтралитеттен кейін былтыр Швейцария тұңғыш  рет өзге елге жақ екенін білдіріп, Украинаны қолдады.  Бұл – әлемдегі экономикасы ең тұрақты, ең бай, планетадағы ең бақытты (арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша) ел, сондай-ақ дүниежүзінде еңбекақыны көп төлейтін әлемдегі жалғыз ел. Мұнда орташа жалақы 7200$ шамасында (2021 жыл)  Швейцарияда балалар мектепке 4 жастан барады және аптасына 4 күн ғана оқиды.  Мұнда бизнесін тіркеген кез келген шетелдік өз компаниясының директоры етіп жергілікті азаматты қоюы шарт.  

Елде әскерге бірден 1-2 жылға бару шарт емес. 10 жылдың ішінде бөліп-бөліп, апталап барып келуге рұқсат етілген. Әскерге 1-2 аптаға кеткенде жұмыста ақшасы жүріп жатады. Егер мүлдем барғысы келмесе, 30 жасқа дейін тапқан табысының 3% мемлекетке беруі керек.  Швейцарияның банкі әлемдегі ең сенімді банк екенін білесіздер. Планетадағы байлардың бәрі ақшасын осында сақтайды. Көп ақша сақтаған сайын төлейтін салығы өседі.  

Мұнда сырдың 450 түрі бар, әйгілі Швейцария сағаты, Альпі таулары, Швейцария шоколады – бәрі әлемдік бренд. Елде қару-жарақ ұстауға заңмен рұқсат етілген. Халқының жартысының үйінде қару-жарақ бар, соған қарамастан Еуропадағы қылмыс статистикасы өте төмен жалғыз ел. Бірақ түрмелері бос емес, онда негізінен шетелдіктер отыр. 2 ғасыр соғыс көрмесе де, армиясы мығым. Кез келген соғыс жағдайына сақадай сай. Ядролық бомба тастаған күннің өзінде жасырынатын бункерлері дайын. Олар көп. Планетадағы ең үлкен бункер де осы елде. Ол 1 км радиусқа жайылатын 1 мегатонна бомбадан 20 000 адамды қорғай алады. Мұндағы бункерлер халықтың 115% -на жеткілікті, сақадай сай тұр.  Яғни халқы түгел сыйып кетеді әрі артық орын қалады. Бұл – соңғы 2 ғасыр соғыс көрмеген елдегі қауіпсіздік шаралары.  Біреу Швейцарияға соғыс жариялай қалса, елге кіретін 300-ге жуық көпір, авто, пойыз жолдарын бір мезгілде жарып жібере алады. Сөйтіп, ешкім аттап баса алмайды. Мұнда ағаш кесуге қатаң тыйым салынған, өзің егіп, өсірсең де арнайы рұқсатсыз кесуге болмайды. Сондай-ақ бұл елде адам түгіл жан-жануардың өмірі де маңызды. Швейцарияда  балық аулау үшін арнайы курстан өтіп, емтихан тапсырып барып, рұқсат аласыз. Онда балықтың жанын қинамай ілмектен алуға дейін үйренесіз. Гуманизмнің шыңы! Мұнда  құстарды, кішкентай жануарларды жалғыз асырауға рұқсат жоқ, серігімен бірге ғана асырай аласыз. Олар өмірін жалғыз өткізіп, қайғырып, депрессияға түспеуі керек. Қандай гуманизм! Бұл – Жапониядан кейін ең ұзақ өмір сүретіндер елі. Швейцария тұрғындарының көбінің жасы 100-ден асады. Сондай-ақ небір танымал адамдар қартайғанда соңғы жылдарын осында өткізуге келеді екен. Мұнда қарттығын қарсы алуға Коко Шанель, Чарлин Чаплин, т.б. келген және олар осында жерленген. 

Тазалық бұл елде өте жоғары деңгейде. Осыдан 3-4 жыл бұрын «өзендердің бірі тым таза, бұл дұрыс емес, балықтар жейтін ештеңе жоқ» деп мәселе көтерген екен. Швейцарияда сиырларға массаж жасайды. Не үшін? Сүтті көп беру үшін. Ел таулы аймақта орналасқандықтан, мұнда барлық транспорттың түрлері үшін таудың ішіне, үстіне жолдар салынған. (Екі таудың ортасына салынған биік көпірден өтіп бара жатқан пойызбен жүру үшін де жүрек керек шығар) Швейцариялықтар осындай күрделі аймаққа күрделі конструкциялы құрылысты да «5» деген бағаға салған. 

Тіпті құрылыс материалдарын биікке таситын арнайы жолдардың өзі – құрылыс өнерінің туындысы. Пойыздары әйгілі Швейцария сағаттары сияқты 1 секунд та кешікпейді. Ал енді Альпінің етегінде орналасқан әлемдегі ең әдемі елдің табиғатын ауызбен айтып жеткізу үшін сағаттап отыру керек. Көздің оптикасы көргенді тіл ешқашан дәл жеткізе алмайды. Дұрысы – барып көру. Иә, қымбат. Әлемдегі ең қымбат елдің бірі. Жақында бір танысым тек Альпіні көру үшін ғана Швейцарияға барды. Ешқайда соқпай Альпіге барды да, кері қайтты.  Шаңғы да теппепті. Ал бізді ондағы достарымыз шақырғалы қай заман! 

Барсам, ең бірінші нені көргім келеді? Кешкі 10-нан кейін үрмейтін иттерді...

Сосын? Мектептеріне барып, осындай елді қалыптастыра алған білім беру, құқықтық жүйесін, тәрбиедегі идеологиясымен жақын танысар едім. 

Ал одан кейін? Пойыздарына мініп  екі таудың ортасын жалғап тұрған ең биік көпірмен өтіп көрер ем.  Кесеге құйған су шайқалмайтынын білем. Себебі  мұнда бәрі өте жоғары сапалы. 

(Жазба интернеттегі мәліметтер негізінде жазылды)

 

Жанар Шмельдің фейсбук парақшасынан
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1016
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7063
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10911
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7131
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7274