Шығыстағы баға қатаң бақылауда

Шығыстағы  баға  қатаң  бақылауда

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы  Өңірді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қоғамдық бақылау жасау мәселесі қаралды. 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес дүкендер тауарлардың бағаларын өз бетінше белгілейді, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі-ӘМАТ) өткізу бағасы өндірушінің немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспауға тиіс,  – дейді Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Григорьева Ольга Владимировна. Сонымен қатар бүгінгі таңда қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларын бақылау бойынша мониторингтік топтың жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді. Бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға келер болсақ «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының павильондарында бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел желі телефондары орналастырылған. Халықтың қолжетімділігін арттыру және барынша қамту мақсатында, жеміс-көкөніс өнімдерін өткізу нүктелерін ұлғайту үшін сауда объектілерімен өнімді өткізу туралы меморандумдар жасасу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша 19 Меморандум, Өскемен қаласы бойынша 26 меморандум жасалды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 29 сауда нүктесін ескере отырып, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде өнімді өткізу 74 сауда нүктесінде  жүзеге асырылады – дейді «Ертіс» АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Шарипова Динара Аскаровна.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде партиялықтардың өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қатысуын күшейту қажеттігіне баса назар аударған болатын. Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының тұрақты өсуі бойынша өтініштер келіп түсуде. Сондықтан да біз бүгін өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысына әлеуметтік маңызы бар бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағаларын бақылау үшін мониторингтік топтар құру туралы мәселені талқылаудамыз. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасына сәйкес облыстың әр ауданында 257-ден астам мониторингтік топ құрылды. Оған белсенді қоғам қайраткерлері, депутаттар, блогерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді. Апта сайын көрсетілген азық-түлік тізіміне бағаның өзгеруіне талдау жасалады. Нәтижесінде тиісті ұсыныстар жасалатын болады», – деді  «Nur Otan» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Чугунков Олег Васильевич.

Тәттімбек АСХАНҰЛЫ
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 506
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 463

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9161
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11786
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9554
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10767