Шымбұлақ Гиннестің рекордтар кітабына енді

Шымбұлақ Гиннестің  рекордтар кітабына енді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов фейсбук парақшасында: «Кешегі күн Қазақстан футбол құрамасының Дания құрамасына қарсы ойындағы тарихи жеңісімен ғана емес, сонымен қатар жаңа әлемдік рекордпен де есте қалады. Шымбұлақ курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл нәтиже Шымбұлақтың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясында тіркелді. Дәл осы жерде салтанатты рәсім өтті.

Мен іс-шараға жиналған мегаполис тұрғындары мен қонақтарының алдында сөз сөйледім. Ал Гиннестің рекордтар кітабының ресми судьясы Шейд Субаши трассаның барлық талаптарға сәйкестігін растай отырып, тарихи нәтижені тіркеді. Содан кейін Алматы тұрғындары мен қонақтары рекорд тіркелген тау баурайынан төменге жаппай сырғанап түсті.

Шымбұлақ - жыл сайын миллиондаған қонақ келетін еліміздің басты туристік бағыттарының бірі. Бұл жердің біз барлық жағынан дамытқымыз келетін үлкен әлеуеті бар. Жаңадан тіркелген рекорд мәртебесі тау шаңғысы курортын әлемде теңдесі жоқ бірегей орынға айналдыратынына сенімдімін.

Мен Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарды осы жетістікпен құттықтаймын. Біздің елде көптеген тамаша орындар бар. Сол себепті мен алдағы уақытта жаңа рекордтардың куәсі болатынымызға сенемін», – деп жазды.

30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 342
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 485
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 331
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 189

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18246
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18106
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35560