«Шыңжаңдықтар» деген сөз қолданылды

«Шыңжаңдықтар» деген сөз қолданылды

20 қыркүйек күні Парламентте мақұлданған аталмыш заң жобасы Қытай сайттарында жаппай таралып жатыр. Олардың барлығы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасынын айта келіп, ары қарай тарқата түскен. 

Мысалы «zhuanlan.zhihu.com» сайты «Қытай мен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат алмасу жөнінде уағдаласты, шыңжаңдықтар Қазақстан азаматтығын алғысы келсе, міндетті түрде Қытайдың рұқсатын алуы керек» деген тақырыппен шағын материал жариялапты. Онда аталған құжат туралы айта келіп, «бұл келісімнің мазмұнына сәйкес, «Қытай азаматтары, яғни Қытай қазақтары Қазақстанға көшіп келгеннен кейін, Қазақстан азаматтығын алғысы келсе, Қытай тарапының келісімін алуы керек. Сонымен қатар, Қытай Үкіметі талап еткен жағдайда Қазақстан Үкіметі Қытайдан көшіп келіп Қазақстан азаматтығын алған кез келген адамды кері қайтарып беруге міндетті» деп жазыпты. 

Аталған мақала соңында пікір білдірушілер арасында біреулері «екі мемлекеттен де пайда көріп жүрген алаяқтарды тежеуге қолданылатын заң» деп жазса, келесі біреулері «бұл заң әлі де түсініксіз екен» депті. 

Біздің таңғалғанымыз өзге сайттарға да көшіріліп басылған бұл мақаладағы «Қытай азаматтары» деп қолданылуға тиісті сөздің орнына «шыңжаңдықтар» деген сөздің бөлек жазылуы еді. Бұл жерде тарихи атажұртына қоныс аударғысы келетін этникалық қазақтарды бөле-жара айтып тұрғаны бесенеден белгілі еді.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ

 

12.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 137
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 138
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 247
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 462
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 424

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9123
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8520
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11748
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10729