СЫР ӨҢІРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА 27 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА 27 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ
Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.
🔹Үкімет отырысынан соң Премьер- министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
📌Ұлттық жоба аясында Сыр өңірінде 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет салынады.
📌Оның ішінде 16 нысан биылға, 11 нысан алдағы жылға жоспарланған.
Қазір биылға жоспарланған
14 нысанның мердігері анықталды.
📌Қалған 1 дәрігерлік амбулатория құрылысының мердігері порталдағы техникалық ақау салдарынан анықталмаған.
📌Аймақ басшысы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, веб порталдағы қателіктерді жойып, шілденің 20-на дейін мердігер мекемені анықтауды тапсырды.
📌Мердігері белгілі 14 нысандағы құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен мерзімінде орындалуын облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бақылау жөніндегі басқармасымен бірлесіп қамтамасыз етуі тиіс.
📌Бір медициналық пункт құрылысы бойынша
96,1 млн. теңгеге ҚР Денсаулық сақтау министрілігіне бюджеттік өтінім ұсынылған. Алайда бүгінге дейін қаржысы республикалық бюджеттен нақтыланбаған.
📌Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізу, алдағы жылға жоспарланған 11 нысан құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау тапсырылды.
📌Сондай-ақ 2025 жылға қарай Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын көпбейінді ауданаралық аурухана деңгейіне жеткізу жұмыстары бойынша мемлекеттік сараптамаға енгізілген жобалар қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791