Тағы бір кітапхана өмірге келді

Тағы бір кітапхана өмірге келді

Сәуір айында Алматы қаласы әкімінің қатысуымен ашылу салтанаты өткен Алмалы кітапханасында болып қайттық. 

Бір ғана кітапханада көптеген мүмкіндік қарастырылған. Балалар әдебиетіне арналған кітаптар, балаларға арналған көптеген үйірмелер бар. Соның ішінде  құм терапиясы, дебаттар, журналистика саласына байланысты қызықты сабақтар мен бизнес жолына арналған апта сайын болатын жиындар өтеді.

Қазіргі таңда кітапханада 300 мыңға жуық кітап қоры бар. Қазақстан тарихынан бастап, әлем тарихына дейінгі кітаптармен жабдықталған. 

«Жуырда «100 жаңа кітап» жобасы аясында сөрелер кітаптармен толтырылады», –  дейді кітапхананың жаңа басшысы. Кітапхана да кітап оқудан басқа сіз ресми кездесулер, марапаттау рәсімдерін өткізе аласыз. Ресми жиындар үшін 20 адамға арналған бөлме қарастырылған. Сонымен қатар балабақша мен мектеп оқушылары үйірмелерге қызыға келе бастапты.

Кітапхананың бір ерекшелігі – түрік тілі мектеп жасында жеткіншектерге үйретілетіндігі. Арнайы Түркия мемлекетінен әкелінген көптеген балалар әдебиеті бар.

Оқушылардан бөлек студенттер  де келеді мұнда. Алматы қаласынан болсаңыз, міндетті түрде Алмалы кітапханасының қонағы болыңыз!

Айсәуле Кенгашова
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 837
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6912
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10751
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6980
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7122