Биыл ел Тәуелсіздігіне 32 жыл толды. Бұл мерекенің қазақстандықтар үшін маңызы ерекше. Өйткені, бұл күн еліміздің егемендігі, халықтың бостандығы үшін күрескен, тәуелсіздік жолында құрбан болған ұлттық батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріне тағзым ететін күн.
Бүгін айтулы мерекеге орай, Жаңатас қаласындағы «Еңбек Ерлері» аллеясындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті.
Шараға ел ағалары, аудандағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, аудан тұрғындары көптеп жиналды.
Жиналған көпшілік тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, ұлттық батырлар мен ұлт қайраткерлерінің рухына тағзым етті.