Талай көрген киноның біз білмейтін жағы

Талай көрген киноның біз білмейтін жағы
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының алғашқы жартысындағы балалық шағымызда теледидарда бір-ақ канал болды. Онда да сағат 21:00 да, 30 минуттық «Время» жаңалықтары болады, сосын бір кино көрсетеді де, хабар аяқталып таңертеңге дейін, экран аппақ болып жыпылықтап тұратын, сосын не істейміз? Әрине зерігіп жаппай кітап оқитын едік! Сондықтан кітап оқымайды деп қазіргі жастарды айыптауға болмайды. Сол сүреңсіз жылдардағы кинолар да санаулы еді, оларды жиі көрсететін, солардан есте қалғаны М.Шолоховтың «Адам тағдыры» деген кітабы бойынша түсірілген фильм еді. Фильм режиссері әрі басты Соколов ролін орындағын Сергей Бондарчук. Ол фильмдегі соғыста жетім қалаған бала Ванюшаның ролін орындаған Павел Борисовты жүзден астам балалардың ішінен мұңды көзінен танып іріктеп алған болатын. Бондарчук қателеспепті, Павелдің әкесі созылмалы маскүнем кино актер Владимир Борисов болып шықты, ол арақ ішіп алып отбасының шырқын бұзған кезде, шешесі Павликті алып жиі кетіп қалатыны киноны түсіру барысында белгілі болды. Жабырқап жүрген тірілей жетім Павел- кинодағы Ваняның образына кіру үшін Бондарчук екеуі бірге тұрып, тамақты бірге ішті. Бес жастағы Павел өзіне қорған болатын Бондарчукке осылай кездесті және бауыр басып кетті. Қасына алып жатқан кезде оған Ванюшаның ролін қалай ойнау керек екенің түсіндіретін. Нәтижесінде ол шынай ойнағаны соншалық көрермендер көзінен жас шығып шынай жылап алатын, ол кезде соғыстың аяқталғанына он жылдан астам уақыт өткендіктен, ондай жағдай екенің басынан өткен еді. Киноны тағы бір рет еске түсірейік:
-Ванюша, менің кім екенімді білесің бе?
-Кімсің?-деп, Соколовтың бетіне сұраулы жүзбен қарайды...
- Мен сенің әкеңмін-деуі мұң еді, Ваня мойнынан құшақтап алып:
-Папка! Родненький! Я так долго ждал, когда ты меня найдешь!-деп жылағанда, Бондарчук-Соколовтың көзін жас сорғалап ағып кеткендіктен машинаны жүргізе алмай жолдың шетіне тоқтап, Ваня-Павелді құшақтап солқылдап жылап кеткен көрінеді.
Кино түсіріліп жатқан селодағы адамдары Павликті шын жетім деп, тамақ пен киетін киімдер әкелген кезі де болыпты. Міне бір киноның біз білмейтін көлеңкелі тұстары.
Бақытжан Абдуллаұлы тарихшы
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796