Талас және Сарысу аудандарында қалпына келтіру шаралары қарқынды жүруде

Талас және Сарысу аудандарында қалпына келтіру шаралары қарқынды жүруде

Талас және Сарысу аудандандарында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар қызу атқарылуда.

Ағымдағы жылдың 3-4 қаңтар күндері орын алған қатты жел, қарлы боран салдарынан аталған аудандарда бірқатар нысандар мен электр желілері зардап шеккен болатын.

Дауыл салдарынан бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу  жұмыстары басталған. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылдырылған. Бүгінде нысандардағы жұмыстар 60-70 пайызға аяқталған.

Аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан 270 нысанда жұмыстар жүргізіліп, оның 242-і және 100 шақырым желінің 91-і қалпына келтірілді. Жұмыстар жалғасуда.

Жаңатас қаласының жылыту, ауыз су, кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде Жаңатас қаласындағы электр бағаналары құлап, электр желілері тиісті кернеуді таратуда кедергі туындаған. Соған байланысты «ЖаңатаСуЖылу» МКК жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Осы орайда қазандықтың жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіргенше Астанадан жеткізілген ірі дизель генераторы пайдаланылып, қаланы ауыз сумен қамту жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, Талас ауданы Қаратау қаласы бойынша зардап шеккен 14 ғимараттың 13-і бойынша күрделі жөндеу (шатырларын толық ауыстыру), ал 1 нысанда ағымдағы жөндеу шаралары қызу жүруде. Барлық нысандар бойынша демонтаж жұмыстары аяқталып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде.  Қаратаулықтарға су, жарық, жылу үздіксіз берілуде.

Сонымен қатар, аудандағы Есейхан ауылындағы электр желілері толық қалпына келітіріліп, 170 абонент  жарықпен қамтылса, Қасқабұлақ ауылындағы 143 абонент және Қараой ауылындағы 76 абоненттің барлығына дизель генераторлары арқылы электр қуаты берілуде.

Қазіргі таңда Есейхан ауылынан Қараой ауылына дейінгі 18 шақырымдағы жарамсыз болып қалған 40 электр бағанасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған барлығы 56 адам және 11 техника жұмылдырылған. Қараой ауылының ішкі электр жүйесі жарық беруге толық дайын.

Сол секілді, Есейхан-Қасқабұлақ бағытындағы ВЛ-10 КВТ электр желісінің толық жарамсыз болып қалуына байланысты, электр жүйелерінің материалдық жабдықтары жинақталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұл елді мекендерге қойылған генераторлар есебінен ауыз су тұрақты берілуде. Негізгі ауыз су алу станциясының электр желілерін қалпына келтірілу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда, тұрғындар тарапынан азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс қалыпты жағдайда, тапшылық жоқ.

Аудандардағы қатты дауылдан келген шығын көлемі есептелуде.

Жамбыл облысы әкімдігі
13.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852