🔰ТАЛАСТА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ «РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

🔰ТАЛАСТА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ «РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Талас ауданында ұлттық мереке «Республика күніне» арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қазақстан тәуелсіздігінің негізі болған 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығына тоқталды.
«Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ел үшін айрықша маңызға ие тарихи күн. Осыдан отыз екі жыл бұрын 25 қазанда Қазақстаннның тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Бұл егемендік алу жолындағы алғашқы құжат. Ендеше айтулы датаны халық болып мерекелеу егемендігіміз бен елдігімізді, татулығымыз бен тұрақтылығымызды айғақтайтын маңызды шешім.
Ел бірлігін сақтаған бабаларымыздың асыл мұраты болған егемендігімізді сақтау басты мақсатымыз», - деді аудан басшысы.
Салтанатты жиын аясында «Талас ауданының құрметті азаматы» атағы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты әр түрлі салада жемісті еңбек еткен азаматтарға табысталды. Сондай-ақ, «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісі, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, мәслихат төрағасының Құрмет грамоталары салтанатты түрде тапсырылды.
Ұлттық мереке «Республика күніне» арналған салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концертіне жалғасты. Шара соңы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.
Талас ауданы әкімдігі
24.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14353
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14281
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29423
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28059
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31589