Талдыкөлдің тағдыры алаңдатады

Талдыкөлдің тағдыры алаңдатады

Елорда тұрғындары Кіші Талдыкөлдің тағдырына алаңдап жатыр. Жақында әлеуметтік желіде Кіші Талдыкөлдің құрылыс алаңына айналып бара жатқандығы туралы айтыла бастаған болатын. Осыдан кейін белсенді тұрғындар Кіші Талдыкөлді табиғи қалпында қалдыру, онда ешқандай құрылыс салмау туралы үндеулер жолдады. Кіші Талдыкөлге келіп қонақтап жүрген қоқиқаздар да табиғат жанашырларының назарынан тыс қалған жоқ. Осы мәселе туралы жұрттың барлығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен жауап күткен еді. Әкімдік сайтында 6 қыркүйек күні «Нұр-Сұлтан қаласы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» жағынан мынадай ақпарат таратылған екен. Онда: «Кіші Талдыкөлдің сулы-батпақты жері зиянды заттардан тазартылып, суы сақталатын болады. Қазіргі уақытта суының ластану дәрежесі «өте лас» деп саналады. Органикалық қосылыстардың шіріп кетуі және қоқыстың жиналуы нәтижесінде сулы-батпақты нысан жағымсыз иістің, жәндіктердің (масалар, кенелер) және т.б. таралу ошағы болып табылады. Кіші Талдыкөл – ағынды су жиналған орын, үлкен Талдыкөл көлімен табиғи байланысы жоқ және жер үсті ағындары мен жер асты сулары арқылы өзара қосылмайды.

Зерттеу нәтижесінде негізгі иондар (қаттылық, кальций, магний, хлорид), ауыр металдар (темір), улы заттар (фтор), биогендік заттар (аммиак азоты және нитриттер) нормадан бірнеше есе асатын концентрацияда болады. Сондай-ақ зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылық-ауыз су, балық шаруашылығы және рекреациялық мақсатта пайдалануға болмайды.

Осылайша жақын маңдағы аудандардың тұрғындары үшін қауіпсіздік пен жайлы өмір сүру мақсатында Кіші Талдыкөл зиянды заттардан тазартылмақ. 20 гектарға жайылған Кіші Талдыкөл су айдыны сақталатын болады. Сондай-ақ су деңгейін арттыру үшін түбін тереңдету   жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, батпақты жер тазартылған тоғанға, ал маңайы саябаққа айналады», – делінген. Алайда Елорданың белсенді тұрғындары көл тағдырына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желі бетінде үндеулер жариялап, араша сұрауын тоқтатқан жоқ. 14 қыркүйек күні елордалық суретшілер KADMII QYZL шығырмашылық тобының бишілері Artcom қауымдастығының қолдауымен Кіші Талдыкөл көлін қорғау мақсатында Şalqyma перформансын өткізді. Олар аққу кейпінде киініп көл шетіне келіп, топырақ төгіп жатқан көліктерге тосқауыл болуға тырысты, сол арқылы көлдің биоалуандылығы мен экожүйесін қорғауға шақырады.

Табиғат жанашырлары «құрылыс компаниясының қызметі заңсыз екендігі расталғанына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі ешқандай шара қолданбай отыр» деді.

23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 23
«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.04.2024 32
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 18
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 957
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7010
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10854
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7076
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7216