Талғат пен Қамшыбек Алматыда топ жарды

Талғат пен Қамшыбек Алматыда топ жарды

   Алматыда өткен «MTK Kazakhstan» бокс кешінде 21 жастағы қазақстандық боксшы Талғат Шайкен (6-0, 4 КО) жартылай орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионының «иесіз» белбеуі үшін украиналық Владимир Гордиенкомен (9-3, 4 КО) жұдырықтасты. Он раундтық жекпе-жек төрешілердің бірыңғай шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Талғат Шайкен кәсіпқой бокс рингінде жетінші жеңісіне жетіп, WBC тұжырымдамасы бойынша Жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.

     Тағы бір қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (11-0, 7 КО) пен британиялық Райан Уилер (16-1-1, 0 КО) арасындағы сайыста Уилер төртінші раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) түрік Хамза Гюнешке (6-0, 4 КО) қарсы шықты. Боксшылар крузервейттегі UBO Inter-Continental чемпионы белдігі үшін бақ сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

   Алматыдағы бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде тағы бір отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) және Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) WBA Gold белдігіне таласты. Кездесу 12 раундқа есептелген. Алайда, ол аяғына дейін жетпеді. Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды.

Ермек САХАРИЕВ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568