Танымал теологпен кездесті

Танымал теологпен кездесті

Бүгінде әлеуметтік желіде «Нұрлан ұстаз» деген есіммен танымал, заманауи уағыз әңгімелері көпшіліктің көңілінен шығатын теолог, дінтанушы, психолог Нұрлан Байжігітұлы жуырда Оралда болды. 

«Дін мен дәстүр» тақырыбында өткен кездесуді  Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Орал қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатын көздеген іс-шараға тұрғындар, жастар, мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты. 

– Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Осы орайда, іс-шара тақырыбы дін мен дәстүр сабақтастығына арналып, халық арасында кеңінен танылған дінтанушы өзінің діни танымдық уағыздарымен жастар мен ересектерге керемет әсер қалдыра алды. Кездесу соңында жиналған көрермен өз сауалдарын қойып, дінтанушы тарапынан тұшымды жауаптар берілді, – дейді ұйымдастырушылар.

Кездесуге қатысқан жерлесіміз Арайлым Асылбекқызы да көпшіліктің көзайымына айналған дінтанушымен жүздесу жастар үшін пайдалы болғанына сенімді. 

– Барлығын қарапайым тілде өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді. Адамның сенімі мен нанымы турасында күнделікті өмірден мысалдар ала отырып, әңгімеледі. Адамгершілік, рухани тәрбие, ата-анаға құрмет, сауапты істер, дін мен салт-дәстүр туралы айтты. Жастар көп болды, олар үшін қажетті ақпараттар берілгені сөзсіз, – дейді ол.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1696

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4104
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3770
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3924
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3859
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3932